Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру дегеніміз не?
Әлеуметтік медициналық сақтандыру корының Қостанай облысы бойынша филиалының халықты ақпараттандыру бөлімінің басшысы Асқар Қасымов міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесін түсіндіру мақсатында Қарасу ауылы, Черняев және Люблинка ауылдық округтерінде болып, жергілікті тұрғындармен кездесу өткізді.
Кездесуде барысында ол әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінің негізгі қағидаларын айтып, 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстанда міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі іске қосылатындығын жеткізді. Сондай-ақ жаңа жүйеге қатысты қойылған сұрақтарға жауап беріп, оның ұтымды жақтарына тоқталды.
– Қазір міндетті медициналық сақтандыру туралы көп айтылып жүр. Халықтың денсаулығын жақсартуға бағытталған бұл реформа 2017 жылдан бастап елімізде кезең-кезеңімен енгізілеуде. Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандырудың жүзеге асырылуы медициналық қызмет көрсетудің сапасы мен қолжетімділігін жақсартуға бағытталған, – дейді Асқар Қасымов.
«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Қостанай облысы бойынша филиалының берген ақпаратына сүйенсек, бүгінгі таңда денсаулық сақтауға бөлінетін қаржыландыру халыққа тегін медициналық қызмет көрсетудегі барлық қажеттілікті толығымен жаба алмайды. Азаматтар жеке клиникаларға жүгінуге және тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінде тегін берілуі тиіс медициналық қызметтерге шығындануға мәжбүр. Бүкіл әлемде мұндай төлемдер «денсаулық сақтауға арналған қалта шығыстары» деп аталады. Қазақстанда қалта шығындарының үлесі 42 пайызды құрайды. ДДҰ критерийі бар, оған сәйкес дамыған елдерде осындай көрсеткіш 20 пайыздан аспауы тиіс. Біз бұл деңгейді екі есеге асып түстік.
Медициналық сақтандырудың шешуге арналған басты міндет-азаматтардың «қалта шығындарын» азайту кезінде медицинаны қаржыландыру қажеттілігінің артуын қанағаттандыру.
МӘМС шешетін келесі мәселе – медициналық қызметтің сапасы. Жаңа жүйені енгізумен медициналық қызметтер нарығында ойын ережелері өзгереді. Жүйеде қарым-қатынас сипаты басқа болады: мемлекеттік және жеке клиникаларға клиент үшін бәсекелесуге тура келеді. Қостанай облысының әлеуетті жеткізушілері базасында 74 медициналық ұйым бар, оның 36% -ы-жеке меншік. Ал белгілі болғандай, бәсекелестік қаншалықты жоғары болса, халық үшін көрсетілетін қызметтер сапасының өсуі соғұрлым тез жүреді.
Жаңабай АХМЕТОВ
Суреттерде: кездесуден көріністер
Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Qostanai.Media" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-701-031-72-31