Мектепте өткен қайырымдылық шарасы
«Қайырымдылық жасасаң, қайырымын өзің көресің» дейді. Қайырымдылық жасау – сауапты істердің бірі. Бүгінде сауабы мол істерді ұйымдастырып, кең көлемде өткізуге үлкен мән беріліп келеді
Қарасу мемлекеттік тілде оқытатын негізгі мектебінің ұйымдастыруымен «Жүректен жүрекке» атты қайырымдылық жәрмеңкесі болып өтті.
Аталған шараға 1-9 сынып оқушылары, ата-аналар және мектеп ұжымы қатысып, әр түрлі тәтті тағамдарды сатылымға қойды.
Жәрмеңкеде сұранысқа жоғары болған тағамдар – кекс, бәліш, торт және салаттар. Бәліш – 80-100 теңгеден, торт – 1000 теңгеден, кекс 30-50 теңгеден сатылса, салаттар 250-ден саудаланды.
Шара барысында мейірімді жандар саудаға шығарылған тағамдарды сатып алып, қолдау танытты.
Қайырымдылық жәрмеңкесінен 40 мың теңгеден астам қаржы жиналды.
Мұндай игі іс-шаралар алдағы уақытта да өз жалғасын табады.
Жаңабай АХМЕТОВ
Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Qostanai.Media" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-701-031-72-31