Мектепте айтулы датаға орай бірқатар іс-шара өткізілді
Міне, көптен күткен шуақты көктемде келіп жетті. Бұл мезгіл мерекеге толы. Көктемнің алғашқы күні мерекемен басталады
Өйткені 1 наурызда жалпыхалықтық мереке – Алғыс айту күнін атап өтеміз. 2016 жылғы 14 қаңтарда Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылған күні 1 наурызды елімізде «Алғыс айту күні» деп жариялаған болатын. Міне, содан бері ол Қазақстанда жыл сайын мерекеленіп келеді.
Қарасу мемлекеттік тілде оқытатын негізгі мектебінде өскелең ұрпақты отансүйгіштікке тәрбиелеу, қоғамдық келісім мен ұлттық бірліктің қазақстандық үлгісін кеңінен насихаттау мақсатында 1 наурыз – Алғыс айту күніне арналған бірқатар мерекелік іс-шаралар өткізілді. Айталық, мектепалды даярлық тобы және 1-9 сынып оқушылары арасында нтернет жүйесі арқылы онлайн форматта тәрбие сағаттары ұйымдастырылды. Оқушылар мерекеге орай өлеңдерін, тақпақтарын және құттықтауларын видеоға түсіріп жіберу арқылы өз өнерлерін көрсетіп, оны instagram желісіне салды. Мектепалды даярлық тобы «Мейірімділік жүрегімде» тақырыбында іс-шара өткізіп, тақпақтарын оқып, ойын түрінде сабақ өткізді.
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев 2015 жылдың сәуір айында Қазақстан халқы Ассамблеясының XXII сессиясында сөйлеген сөзінде «Сталиндік режім кезіндегі әр жылдарда бүтіндей бір халықтар – 800 мыңға жуық неміс, 102 мың поляк, 550 мың Солтүстік Кавказ халықтарының өкілдері, 18,5 мың Қиыр Шығыстағы корей отбасылары қоныс аударды. Оларды вагондардан ашық далаға әкеліп түсірді. Ол кезде мұнда тек қазақтар ғана тұратын. Сондықтан қабылдаған да солар болды. Сөйтіп, өздері мұқтаждықта өмір сүріп жатқан қазақ отбасылары оларды өздерінің саман үйлерінде қабылдады» деген болатын. Тарихта қалған бұл оқиғаның астарында барлық этностардың бір-біріне мейірбандық танытуы жатса керек.
Жаңабай АХМЕТОВ
Суретте: мектепалды даярлық тобы
Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Qostanai.Media" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-701-031-72-31