Медбике адам жанының арашасысы
Білікті маман Қарасу аудандық ауруханасының медбикесі Жанна Жикееваның еңбегі көпке үлгі. Мынау бес күндік өмірде әрбір адамзат үшін денсаулықтың орны ерекше екені белгілі. Ал, сол денсаулық жаршысы болып жүрген ақ халатты абзал жандардың орны тіптен бөлек. Оның ішінде алғашқы дәргерлік көмек көрсететін адам өміріне араша түсіп жүрген медбикелердің еңбектерін ерлікпен пара-пар деуге болады.
Сондай жандардың бірі – өз ісінің маманы, Гиппократ антына адал, Қарасу аудандық ауруханасының медбикесі Жанна Жикеева. Бұл күнде атағы алысқа кеткен медбике Жанна жиырма жылдан астам осы салада қызмет еткен кезеңінде талай жанды ажал аузынан арашалап, қатарға қайта қосқан сәттеріне сан мәрте куә болып жүрміз.
Тәжірибелі маман Жанна Жикееваның бір сәтте қолы бос болмайтындығына осы мақаланы жазу барысында әбден көз жеткіздік. Әртүрлі сырқатпен ауданның түкпір-түкпірінен дерттеріне шипа іздеп, дәрігердің көмегіне жүгініп жатқандардың қарасы қалың екенін аңғару қиын емес. Сырқат жандардың қас- қабағына қарап, белгіленген нұсқауларды орындау біздің кейіпкеріміздің мойында. Таңертеңгі сегізден 24 сағат тізе бүкпейтін ақ халатты абзал жан кейде отбасын ұмытатын сәттер де болады екен. Осылай қарбалас тіршілік барысында бізге де уақыт тауып, бірнеше сауалымызға жауап беріп те үлгерді.
«Менің әке-шешем медицина саласында хабары жоқ жандар. Бірақ, мен өзім кешкентайымнан дәрігер болуды армандадым. Оқушы кезімде жақындарым сырқаттанып қалса дәргер болсам өзім емдеп жазып алар едім деп армандайтынмын. Біз отбасында 5 ағайындымыз. 4 қыз 1 ұл болып өстік. Өзімнен үлкен әпкем екеуміз осы дәрігерлік жолды таңдадық.
Сондықтан болар, мен осы мамандықты ойланбастан таңдадым. Әрине, қызметімнің жауапкершілік жүгінің қаншалықты ауыр болатындығын әу бастан-ақ сезінген болатынмын. Өзіңіз көріп тұрғандай ауруханада ауданның әр ауылынан түрлі жарақат алып, дертіне дауа іздеп келген адамдар жатыр. Ал, менің алдыма келген әрбір адамның өмірі үшін күресу – басты міндетім» , – дейді Жанна Төлегенқызы.
Расында да қайнаған тірлік арасында Жаннаның отбасына да, кәсіби мерекесіне де толыққанды көңіл бөлуге мүлдем уақыты жоқ. Оның басты арманы – өзінің науқастарын аяғынан тік тұрғызып алғысын арқалау.
«Қазір отбасында 2 қыз тәрбиелеп отырмын. Үлкенім Қарасуда мал дәрігері мамандығын бітіріп, қызмет етіп жатыр Ал, кенже қызым биыл мектеп бітіреді. Ол өнер саласын таңдап отыр.
Жұмыс деп жүріп отбасына да көңіл бөлуге мүмкіндігі болмай жатады. Балаларымның отбасы тәрбиесінде менің жіберген қателіктерімді қайталамаса екен деп айтып отырғаным. Тіптен, кәсіби мерекемді де осы еңбек еткен жиырма жылдан астам не отбасыммен, не әріптестеріммен бір дастархан басында тойлап көрмеппін.
Әрине, бұл күні құттықтаулар болып жатады. Ал, мен уақытымның басым бөлігін жұмысымда өткіземін.
Себебі бүгін ауруханада жаны қысылып жатқан жан менің көмегіме зәру шығар. Бір ауыз жылы сөзде аурып жатқан адам жанын жадыратады. Соларда ажалдан аман алып қалсам мен үшін ол үлкен мәртебе.
Ертең сол науқастарыпм детінен жазылып келіп рахметтерін айтып жастса. Айтыңызшы, енді осыдан артық қандай құрмет керек. Біз үшін, науқастардың жазылып, алғысын арқалағаннан артық құрмет жоқ», – дейді Қарасу орталық аудандық ауруханасының медбикесі Жанна Төлегенқызы.
12 мамыр – Дүниежүзілік медбикелер күні, олар – күнделікті тәжірибиесінде медициналық қызмет көрсету сапасын арттыру, медбикелік күтімді жетілдіру және денсаулық сақтау жүйесінде шығындарды төмендету бағыты бойынша айтарлықтай қызмет атқарып жатыр.
Медбикелер – медицина саласындағы негізгі буын, әрі дәрігердің оң қолы. Дәрігердің қызметі медбикенің біліміне, өз ісіне деген ынта-жігеріне, шыдамдылығына, біліктілігіне байланысты. Олар қай кезде де жеке басының мәселесіне қарағанда науқастардың денсаулығын алдыңғы кезекке қояды.
Атаулы күннің тарихынан сыр шертсек, медбикелердің кәсіби мерекесі – мейіргер ісінің негізін салушы, ағылшын медбикесі Флоренс Найтингейлдің туылған күні аталып өтіледі. Флоренс Найтингейл Қырым соғысы кезінде (1853—1856) тұңғыш болып мейірбикерелер қызметін ұйымдастырған. Әлемнің 141 елінен мейірбикелер жиналып, қоғамдық ұйым –«Халықаралық медбикелер кеңесін» құрғаннан кейін, бұл күн дүниежүзілік мейрам мәртебесіне ие болды. Қазақстан тәуелсіздігін алған жылдары 12 мамыр – Мейірбикелер күні болып ресми түрде тіркелген болатын
“Медбикелер – медицина саласындағы негізгі буын, осы қызметті атқарып жүрген әр адамның көтерер жүгі де ауыр. Медбике болып қызмет істеу оңай емес, оның үстіне бүгінгі таңда науқастар өте талғампаз, кірпияз.
Біздің саладағы басты күш медбикелерге түсетіні анық. Олар науқастарға ауыртпай ине шаншуға, бабын табуға тырысып-ақ бағады, қай кезде де жеке басы мәселесін емес, науқастарға көмектесуді алдыңғы кезекке қояды. Әлеуметтік-психологиялық жағынан да оңай тимейді.
Тіпті, кейбір қауіпті мекемеде жұмыс істейтіндердің денсаулықтары нашарлап, зардап шегіп жатқандары да бар. Сондықтан осы төл мерекеміздің қарсаңында барлық медбикелерді құттықтап, дендеріне саулық, отбасыларына амандық тілеймін. Осы мереке қарсаңында әріптестеріме шыдамдылық пен сабырлық тілеймін”, -деп тілек білдірген маман әріпстестеріне жемісті қызмет тіледі.
Мешіт Ғазизұлы
Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Qostanai.Media" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-701-031-72-31