Марияш Қадіралинова: “Қарасу мен ұщін қашанда ыстық”
Ұрпақ тәрибесінде ұлттық тәрибенің алатын орны зор дейді жерлесіміз ұлағатты ұстаз
Қазіргі кезде еңбек жолын біздің ауданымыздан бастап, барлық балалық шағын Қарасуда өткізіп ұрпақтың ұлы мұраты жолында талмай еңбек етіп жүрген ұстаздарымыз баршылық. Солардың қатарында өзгені де өзін де бақытты етсем деген атақты ғалым, ұлағатты ұстаз Марияш Тлеуғабылқызы Қадіралинова да бар.
Педагогикалық тәжірибесі мол, заман талабына сай оқытудың жаңа әдістерін меңгерген инновациялық технологияларды қолданатын шығармашылықпен жұмыс істей білетін ұстаз шәкіртеріне саналы түрде білім беруді өзінің борышы деп санайды. 42 жылдық еңбек өтілі бар ұстаздың шәкіртері еліміздің әр жерінде қазір жауапты қызмет атқаруда. Марияш Тлеуғабылқызы алғашқы еңбек жолын жолдамамен өзінің өскен жері Қарасу ауданындағы Қараман орта мектебінде ұрпақ тәрбиелеуден бастады.
Жарты ғасырға жуық еңбек өтілі бар білікті ұстаз Марияш Қадіралинованың ынта-жігері, пәнге деген қызығушылығы бар оқушыларын білім әлеміне жетелеп әкеліп, өз ізбасарлары етіп тәрбиелеп шыққаны өз алдына жеке бір әігіме.
«Шәкіртінің ұстазына қарап бой түзегені» деуге әбден лайық. Жақсы ұстаз өз жолын қуатын шәкірт тәрбиелеп, ұстазбен шәкірт арасында үзілмес сабақтастық орнатқанда ғана ұстаздың есімі ұрпақтан ұрпаққа таралары сөзсіз. Себебі, кез-келген салада, біліммен ғылымда болсын жетістікке жеткен жан әуелі өзінің алғашқы ұстазын еске алатыны белгілі.. Кейіпкерімізбен сұқбаттасқан аз уақыттың ішінде өз балаларынан қарағанда шәкірттерінің есімін жиі қайталады.
Ал ұстаздың өз мамандығына деген сүйіспеншілігі қаншама жылғы еңбегінің жемісі, шәкірттерінің жеңісінен көрініп тұрды.
«Қарасу мен үшін қашанда ыстық. Себебі, мен өзім Сарыкөл ауданында тусамда, мектепке бару, білім алу жолындағы ізденісім Қарасумен тікелей байланысты.
Ата-анамыздың жұмыс бабымен отбасымыз 70 жылдарды осы ауданға қоныс аударды. Мен аудандағы қараман мектебінде білім алды. Сол білім ордасының ұстаздарының берген тәлім – тәрбиесінің арқасында болар мен осындай аз болсада белестерді бағындыру», – деп еске алды аяулы ұстаз өзінің балалық шақтарын.
Қазақта «тас түскен жеріне ауыр» деген сөз бар. Осы сөз бүгінгі кейіпкерімізге бағытталған секілді. Олай дейтіміз кезінде арман қуған қазақтың қаршадай қызы жоғары білім алған соң өзін баптап ұшырған алын ұяасы мектебіне қайта орлыпты.
«Жалпы айтар болсам Қарасу аудынының сол кездегі білім деңгейі өте жоғары еді. Оны мен кез келген жерде айтып жүремін.
Сондықтан болар еңбек жолымды өзім бітірген мектептен бастадым.
Ұмытпасам сексенші жылдардың басы болуы керек ол кезде аудандық білім бөлімін ардагер ұстаз, білім беру саласының үздігі жерлесіміз Кәрім Жәркенұлы басқарып тұрды. Мен сол ағымыздың тікелей жолдамасын алып Қараманда 2 жыл қызмет етіп. Бұл білім ордасы маған ғылым жолында ғұмырлық азық сыйлады», -дейді Марияш Қадіралинова.
Расында, кезкелген істе болмасын өзінің іргетасы болады ғой. Қараман орта мектебінде қызмет еткен ұстаздың ғылым жолына қызғушылына қанат бітірген жер оны алақанында ұстап биікке ұшырды. Аталмыш білім ордасына бара салып бірден директордың тәрибе ісі жөніндегі орнбасары болуы оның өжеттігін аша түскендей.
Кейіпкеріміздің өмірлік ұстанымындағы ұлттық тәрибемен байланыстыруы да көрегендік секілді. Бірақ соңғы кезде ардагер ұстазды қатты алаңдататын бір мәселе бар екен. Ол бүгінгі отау құрған жастардың ажырасуы. Тірі жетім бала мен қарттар үйіндегі қариялардың акөбейіп жатқаны.
«Әрбір ұлттық өзіне тән ерекшеліктері бар ғой. Сол секілді біздің қазақтыңда бұрынғұлттық тәрбиесі мен отбасы құндылықтарынан айырылып бара жатқаны мені қатты мазалайды. Сондықтан біз өзгеге еліктесекте қажеттісін сұрыптап алып, керегін ғана бойға сіңіруміз керек», – дейді ұстаз.
Әңгіме соңында жерлес ұстазымыз өзінің ыстық мекені Қарасуға қолы қат еткенде барып тұратынын жеткізді.
Мешіт Ғазизұлы
Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Qostanai.Media" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-701-031-72-31