Ұлы ағартушы құрметіне арналған жеңіл атлетикалық жүгіріс
Жуырда Қостанай қаласында ұлы ағартушы, педагог Ыбырай Алтынсаринды еске алуға арналған жеңіл атлетикалық жүгіруден жарыс өтті. Оған облыс көлеміндегі аудан-қалалардан келген спортшылар қатысты.
Бұл дәстүрге айналған игі шара осымен 27-ші рет ұйымдастырылып отыр. 15 жасқа дейінгі жасөспірімдер 2 шақырымға, ал ересектер 13 шақырым қашықтыққа жүгірді.
Спорттық шараның мақсаты – салауатты өмір салтын насихаттау, халықты жүйелі түрде спортқа және дене шынықтыруға тарту.
Аталған жарысқа ауданымыздың спортшылары да қатысып, жүлделі орындарға ие болды. Мәселен, 16-18 жас аралығындағы қыздар арасында 13 км қашықтыққа жүгіруден Карина Бариева қола жүлдегер атанды. Ерлер арасында 13 км қашықтыққа жүгіруден Мейрам Саутпаев жүлделі үшінші орынды иеленді.
Жасөспірімдер арасында 2 км қашықтыққа жүгіруден Никита Вранчан, Данил Зарубин және Александр Мещанкин сынға түсті. Сондай-ақ, ерлер арасында 13 км қашықтыққа жүгіруден Иван Марченко және Иван Смагула жарысқа қатысты.
Қойбағар және Люблинка ауылдарынан қатысқан желаяқшылардың бапкері – Вячеслав Мещанкин.
Осылайша жерлестеріміз ауданның атын тағы бір асқақтатып қайтты. Болашақта бұдан да жоғары нәтижелерге қол жеткізулеріне тілектестік білдіреміз.
Жаңабай АХМЕТОВ
Сурет әлеуметтік желіден алынды
Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Qostanai.Media" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-701-031-72-31