Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасына мониторинг жүргізілді
Жақында «Nur Otan» партиясы аудандық филиалы жанындағы жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі қоғамдық кеңесі мен партиялық бақылау комиссиясының мүшелері кәсіпкерлік бөлімі және ішкі істер бөлімінің өкілдерімен бірлесе отырып, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасына мониторинг жүргізді.
Мониторинг тобы Қарасу, Люблинка, Черняев, Октябрь, Қойбағар ауылдық округтері және Жаныспай ауылында болып, сауда орындарын аралап, тауар бағасымен танысып, төтенше жағдай тәртібінің сақталуын бақылады.
Мониторинг тобы еліміздегі қазіргі мән-жайды баяндап, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын негізсіз көтермеу жөнінде кәсіпкерлерге түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Сондай-ақ «ТЖ және карантин кезіндегі іс-қимыл тәртібі» туралы да айтып, түсіндірді.
Басты мақсат – халық күнделікті тұтынатын әлеуметтік маңызы жоғары азық-түлік бағасын тұрақтандыру.
Аралап шыққан барлық нысандарда төтенше жағдай режимі талап етіп отырған тәртіптер мен ережелер қатаң сақталуда.
Бұдан бөлек, «Nur Otan» партиясы аудандық филиалы жанындағы жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі қоғамдық кеңесі мен партиялық бақылау комиссиясының мүшелері аудан көлеміндегі дәріханалардың медициналық маска мен залалсыздандыру заттарымен қаншалықты қамтылғанын тексеру және бағасына мониторинг жүргізіп келеді.
Жаңабай АХМЕТОВ
Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Qostanai.Media" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-701-031-72-31