Көңіл айту
Қарасу ауданы әкімінің экономикалық мәселелер жөніндегі орынбасары Жармағамбетов Талғат Арыстанғалиұлы 42 жасында Қарасу ауданы Қарасу ауылында 2020 жылғы 8 желтоқсанда жол-көлік оқиғасы салдарынан қайтыс болды.
Қарасу ауданы әкімінің орынбасары қызметін 2017 жылғы 18 қазаннан бастап атқарды. Жұмыс барысында Талғат Арыстанғалиұлы өзін тек жағымды жағынан көрсете білді – сауатты және бастамашыл, мақсатты және кәсіби басшы болды.
Қарасу ауданының әкімі, аудан әкімінің орынбасарлары, аудан әкімі аппаратының басшысы, аудан әкімі аппаратының қызметкерлері Талғат
Арыстанғалиұлы Жармағамбетовтің туған-туыстары мен жақындарына көңіл айтады.
Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Qostanai.Media" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-701-031-72-31
0 просмотров