Өңірде жаппай егін егу жұмыстары жүріп жатыр
«Көктемнiң әр күнi – жылға азық». Бар ырысын жерден өндіріп отырған диқандар үшін қара жердің берер рыздығына ниеттеніп, қапы қалмаудың қамын жасап қалатын шақ осы.
Осыны ескерген аудан диқандары ауа райының қолайлы сәтін тиімді пайдаланып, білек сыбана еңбек етуде. Қазір өңірде жаппай егін егу жұмыстары жүріп жатыр. Ырыс-несібесін жерден теріп отырған диқандар үшін басты мақсат – жауапты науқанды белгіленген мерзімде сапалы аяқтап шығу.
Биыл ауданда 599,2 мың гектарға дәнді дақылдар, соның ішінде 513,0 мың гектарға бидай, 62,5 мың гектарға арпа, 14,0 мың гектарға сұлы, 7,0 мың гектарға аралас масақты дақылдар, 1,1 мың гектарға жарма дақылдар, 1,7 мың гектарға дәнді-бұршақты дақылдар егу жоспарланып отыр. Бұдан бөлек, 58,0 мың гектарға майлы дақылдар, 47 гектарға картоп, 35 гектарға көкөніс және 24,7 мың гектарға мал азығы егілмек.
Бүгінгі күні алқаптарда жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде 143,4 мың гектарға бидай, 41,3 мың гектарға арпа, 11,1 мың гектарға сұлы және 16,2 мың гектарға майлы дақылдар егілді.
Жалпы жыл сайын көктемгі егіс науқанының қарбаласы үлкен дайындықты қажет ететіні белгілі. Осы орайда егін шарушылығымен айналысатын аудан диқандарының науқанға дайындығы тыңғылықты болды.
Қорыта айтқанда, жалпы көктемгі егін егу жұмыстары жоспарланған кестеге сай жүргізілуде. Енді еккен әр дәніміз жайқалған берекелі егінге айналсын.
Жаңабай АХМЕТОВ
Сурет газеттің мұрағатынан алынды
Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Qostanai.Media" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-701-031-72-31