Халықаралық әйелдер күні мерекесіне орай волейболдан турнир өткізілді
Қарасу аудандық балалар-жасөспірімдер спорт мектебінде Халықаралық әйелдер күні мерекесіне орай әйелдер арасында волейболдан аудандық турнир болып өтті.
Бұл спорттық ойынның мақсаты – салауатты өмір салтын қалыптастыру, спортшылардың спорттық шеберлігін арттыру және волейболды дамыту.
Жарыс тартысты өтті. Әйелдер арасындағы волейбол ойыны десе, аузымызға ең алдымен ілінетін – Қойбағар ауылының командасы. Өйткені бұл ауылдың командасы аудан көлемінде волейболдан өтетін жарыстарда жиі жеңіске жетіп жүр. Бұл жолы да олар өздерінің мықты екенін дәлелдеді.
Тартысты бәсекеде сынға түскен командалар бар шеберліктерін көрсетіп, жеңіске жету үшін аянып қалмады. Нәтижесінде командалар жүлделі орындарды былайша бөлісті. Бірінші орынды Люблинка ауылының командасы жеңіп алса, екінші орынды Жалғысқан ауылы, ал, Қарасу ауылының командасы үшінші орынды еншіледі.
Жарыс қорытындысында жеңіс тұғырына көтерілген командалар кубок, медаль, грамота және сыйлықтармен марапатталды.
Жаңабай АХМЕТОВ
Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Qostanai.Media" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-701-031-72-31