Еркін күрестен облыс чемпионаты өтті
Қостанай қаласында еркін күрестен 2000-2002 жылғы жастар арасында Қостанай облысының чемпионаты болып өтті.
Салауатты өмір салтын насихаттау және палуандардың спорттық шеберлігін арттыру мақсатын көздеген бәсекеге аймақтың барлық аудан-қалаларынан мықты деген палуандар қатысты.
Жоғары деңгейде ұйымдастырылған спорттық бәсекеге біздің ауданның палуандары да қатысып, айтарлықтай нәтиже қол жеткізді. Айталық, 92 келі салмақ дәрежесінде сынға түскен Ренат Тұрсынов екінші орынды бағындырды. Ал, 57 келідегі Тарғынбек Махмутов пен 74 келі салмақтағы Евгений Ошурко қола жүлдені еншіледі. Жарыс соңында мадақтама қағазы және медальмен марапатталды.
Жерлестеріміз жақсы нәтиже көрсетіп қана қоймай, жақсы спорттық тәжірибе жинақтап келді.
Марапат иелерін жеңістерімен құттықтап, алдағы уақытта өтетін жарыстарда биік сатылардан көріне берулеріне тілектеспіз.
Жаңабай АХМЕТОВ
Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Qostanai.Media" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-701-031-72-31