Ел игілігі үшін «Еңбек» бағдарламасының берері мол
Аудан тұрғындары осынау шарапаты мол игі бастаманың арақасында тұрмыстарын түзеуде
Тұрғындарды тұрақты жұмыспен қамту арқылы олардың отбасының әлеуметтік жағдайын жақсарту біздің қоғамның ең басты міндеті болып отыр. 2017–2021 жылдар аралығында тұрғындарды жұмыспен қамтуға бағытталған мемлекеттік бағдарламаның өзі «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту » деп аталады.
Демек, тұрғындар нақты жұмыспен қамтылып, олардың өз кәсібін ашып, сол арқылы нәсібін табуына жол көрсету көзделген. Осы бағытта Қарасу аудандық жұмыспен қамту орталығында ауқымды шаралар жүзеге асырылуда.
Біз аталмыш мемлекеттік бағдарламаның қалай жүзеге асып жатқанын білу мақсатында «Қарасу ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесіде болып мән-+жайға қаныққан едік.
Мәселен, «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту» бағдарламсының бірінші бағыты бойынша өткен жылы жүйелі жұмыстар атқарлыпты. Ол төмендегідей.
«Еңбек нарығында сұранысқа ие мамандықтар бойынша кәсіби дағдыларды қалыптастыру мақсатында азаматтардың жекелеген санаттары үшін қысқа мерзімді курстар өткізуді көздейтін «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасының бірінші бағыты шеңберінде Қарасу ауданы бойынша 127 адам оқытумен қамтылды. Қысқа мерзімді кәсіптік оқыту аяқталғаннан кейін халықты жұмыспен қамту орталықтары мемлекеттік бағдарламаның қатысушыларына жұмысқа орналасуға көмек көрсетеді. Осындай көмектің арқасында қазіргі таңда оқуды аяқтаған 92 адамның 86-сы жұмыспен қамтылып отыр» , – дейді аудандық жұмыспен қамту орталығының басшысы міндетін атқарушы Людмила Руденко
Мемлекеттік бағдарламаның екінші бағытының негізгі міндеті азаматтардың кәсіпкерлік бастамаларын дамыту болып табылады. Ол үшін «Бастау Бизнес» жобасы аясында кәсіпкерлік негіздеріне оқыту жүргізіледі және бастапқы бизнесті іске асыратын және іске асыруды жоспарлайтын және бұрын басқа мемлекеттік бағдарламалар шеңберінде қаржылық қолдау алмаған үміткерлерге өтеусіз және қайтарымсыз негізде 100 және 200 АЕК дейінгі мөлшерде мемлекеттік гранттар беріледі.
Сонымен қатар, ауылда және ауданда кәсіпкерлік әлеуеті бар ісін жаңа бастаған кәсіпкерлерге, ауыл шаруашылығы кооперативтеріне және зейнеткерлік жасына жетпеген олардың мүшелеріне, шаруа және фермер қожалықтарына микрокредиттер беріледі.
Қарасу ауданында шағын несиеге ынта білдіргендердің саны 37 адам қамтылды. Мемлекеттік гранттарды 100 АЕК – ке дейінгі мөлшерде мемлекеттік бағдарламаның 1 қатысушысы, 200 АЕК-ке дейінгі мөлшерде 23 адам (жастар, аз қамтылған және көпбалалы отбасы мүшелері, еңбекке қабілетті мүгедектер) алды.
Мемлекеттік бағдарламаның үшінші бағыты азаматтардың жекелеген санаттарын жұмысқа орналастыру үшін мемлекет есебінен субсидияланатын жұмыс орындарын құруды көздейді. Оны жүзеге асыру аясында Қарасу ауданында 1000 жуық адам жұмысқа орналастырылды, оның ішінде әлеуметтік жұмыс орындарына – 20 адам, жастар тәжірибесіне – 20 адам және қоғамдық жұмыстарға – 145 адам тартылған.
Мешіт Ғазизұлы
Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Qostanai.Media" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-701-031-72-31