Екі қолға бір күрек табылады
Қарасулықтар мемлекеттік бағдарламаның шарапатын көруде
Қарасу ауданында «Жұмыспен қамтудың жол картасы – 2020» бағдарламасы аясында бірқатар жоба жүзеге асырылуда.
Мәселен, аталмыш бағдарлама бойынша ауданда білім беру ұймдарын, инженерлік-көліктік инфрақұрылым нысандарын жөндеу бойынша 7 инфрақұрылымдық жоба іске асырылуда ” Қазіргі таңда аудан орталығында 320 оқушыға арналған мемлекеттік тілде оқытатын орта мектеп құрылысы жүріп жатыр. Оның сыртында “Достық ” стадионын ағымдағы жөндеу жұмыстары мен Октябрь ауылы мен Железнодорожное елдімекендеріне су құбырын тарту мен желілерін қайта жаңарғырту жұмыстарына жергілікті тұрғындар тартылған. Оның сыртында Железнодорожнное ауылында Воронежская көшесін орташа жөндеуден өтсе, Қойбағор ауылында Кооперативная мен Клубная көшелеріне орташа жөндеу ж.руде.
Осынау ауқымды жобалардың барылғы «Жұмыспен қамтудың жол картасы – 2020» бағдарламасы аясында іске асуда» дейді аудандық жұмыспен қамту орталығының басшысының міндетін атқарушы Людмила Руденко Осы жобаларды іске асыру барысында 543 жұмыс орнын құруға мүмкіндік береді. Онда жұмыспен қамту орталығының жолдамасы бойынша 271 жұмыссыз азаматтарды 2 ЕТЖ (немесе 85000 теңге) жалақысы бар жұмыс орындарының 50% жұмысқа орналастыру жоспарланған болатын.
Қазір 211 жұмыс орны құрылды, оның ішінде жұмыспен қамту орталығы арқылы 208 адам жіберілген. Қарасу ауданында іске асырылатын жобаларға жұмысқа орналасу үшін азаматтар “Қарасу ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту орталығы” КММ-не Қарасу ауылы, А.Исаков көшесі, 68 мекенжайы бойынша немесе 8(71452 22058) телефон нөмірі бойынша хабарласуы қажет.
Сондай-ақ электрондық еңбек биржасы сайтында өтініш беру https://www.enbek.kz, ізденуші ретінде тіркелуі шарт.
Бұл мемлекеттік бағдарламаның маңызын арттыра түсетіндігін көрсетеді.
Мешіт Ғазизұлы
Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Qostanai.Media" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-701-031-72-31