Диқандар алдағы науқанға дайындық үстінде

Міне, көктем мезгілі де бел ортасынан асты. Енді санаулы күндерден кейін егіс даласында жұмыс қыза бастайды. «Көктемнiң әр күнi – жылға азық» дейді. Сондықтан, диқангер қауым қашанда тірлігін қамдап, қара жердің берер рыздығына ниеттеніп, қапы қалмаудың қамын жасап қалатын шақ осы.

Осы ретте аудан диқандары «ерте қамданғанның есесі кетпейді» деген қағиданы ұстанып, биылғы егіс науқанына әзірленуде. «Не ексең, соны орасың» деген бар.

Ресми деректерге сүйенсек, биыл аудан бойынша 699507 гектар алқапқа ауыл шаруашылығы дақылдарын егу жоспарланып отыр. Оның ішінде: 650116 гектарға дәнді, 32776 гектарға майлы, ал 16280 гектарға мал азығы дақылдары егіледі.

Атап айтсақ, 547281 гектар алқап жұмсақ, қатты және күздік бидай, 88515 гектар арпа, 12660 гектар сұлы, 1290 гектар жасымық, 350 гектар бұршақ. Бұдан бөлек, 2291 гектар жерді мақсары, 818 гектарды қыша, 29400 гектарды зығыр, 267 гектарды күнбағыс қамтиды. Сонымен қатар, 25 гектар жерге картоп, 10 гектарға көкөніс себілмек. Сондай-ақ, 4662 гектар жерге бір жылдық шөп, 2202 гектарға судан шөбін, 1513 гектарға екпе сиыржоңышқа, 5522 көп жылдық шөп, 4278 гектарға аралас дәнді-дақылдар, 305 гектарға жүгері егу көзделіп отыр.

Биылғы көктемгі дала жұмыстарына 10807 тонна жанар-жағармай бөлінді. Жанар-жағармайдың жеңілдетілген бағасы 165 теңге болмақ.

Жалпы, жыл сайын көктемгі егіс науқанының қарбаласы үлкен дайындықты қажет ететіні белгілі. Осы орайда, егін шарушылығымен айналысатын аудан диқандарының науқанға дайындығы ойдағыдай жүріп жатыр.

Жаңабай АХМЕТОВ

Сурет интернет желісінен алынды

Редактор

Recent Posts

Карасуское учреждение культуры продолжило серию познавательных викторин «Поле чудес»

Игру «Мой Казахстан – моя земля» посвятили предстоящему государственному празднику – Дню Республики Казахстан. (далее…)

4 дня ago

Представитель Карасуского района побывала на ХІІ Гражданском форуме Казахстана

В Астане для участия в масштабном мероприятии собралось более 700 делегатов, которые представляли каждый регион…

4 дня ago

Карасуский район посетили члены мобильной общественной приёмной партии AMANAT

Такие выездные встречи помогают решать проблемы жителей отдалённых населённых пунктов. (далее…)

5 дней ago

Карасуляне стали участниками диалоговой встречи с главой региона

Сегодня Карасуский район с рабочим визитом посетил аким Костанайской области Кумар Аксакалов. (далее…)

1 неделя ago

В карасуском сельхозхолдинге продолжается успешная реализация благоустроительной программы

Главное, на что нацелена деятельность компании «Astana Grand Trade», помимо работы в основном АПК-направлении, это…

1 неделя ago

«Золотой голубь-2025» «приземлился» на карасуской земле

По случаю Всемирного дня почты ежегодную ведомственную конкурсную награду получила представительница Карасуского почтового отделения. (далее…)

2 недели ago

This website uses cookies.