Денисов ауданындағы тұңғыш театр салтанатты түрде ашылды

Өнер ұжымы «Түйемойнақ» театры деп аталады. Ресми түрде 2024 жылдың 1­қазанында құрылған. Ал тұсаукесер рәсімін өткізу биылғы жылға бұйырыпты.

Аталмыш театр «Мәдени көркемөнерпаздар театрларын құру» туралы KPI жобасына сәйкес облыс әкімінің тікелей тапсырмасымен құрылған. Өткен жұмада салтанатты түрде ашылып, көрермен назарына «Әзіліміз жарасқан» атты тамаша концерттік бағдарлама ұсынды. Тұсаукесерге жиналған көпшіліктің көңілі бір серпіліп қалғаны сөзсіз. Өйткені, мәдени кеште шырқалған әуезді ән жүректі тербеп, әзіл ­сықақ қойылымдары еріксіз езу тартқызды. Концерттік бағдарлама таза қазақ тілінде өткенін айта кетейік.

­ Театр былтыр қазан айында жасақталғанымен, ресми ашылу салтанатын биыл өткізіп отырмыз. Себебі, өнер ұжымы қазан, қараша, желтоқсан айларында құрамын нақтылап, репертуарын бекітіп, пысықтады. Үш ай ішінде артистер дайындық жұмыстарын жүргізді. Осылайша, 2025 жылдың 31­ қаңтарында салтанатты түрде ашылдық.  Әзірге құрамында он шақты адам бар. Олар Торғай даласынан, Амангелді ауданынан келіп, ауданымызда еңбек етіп жатқан өнерпаз жігіттер. Болашақта кеңейтіп, ауыл жастарын тартамыз деген ойымыз бар. Бұл ұстаным ауыл тұрғындарын жұмыспен қамтуға да ықпалын тигізеді. Күні кеше өткен концерттік қойылымды көрермен ыстық ықыласпен қабылдады. Мұндай қолдау біздің артистерге үлкен шабыт сыйлады, ­ деді аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Нағима Хасанова.

Тетардың құрылғанына азғантай ғана уақыт болса да облыс көлеміндегі үлкен сахнада өнер көрсетіп үлгерді. Жаңа жыл қарсаңында, 2024 жылдың желтоқсан айында Арқалық қаласында өткен «Мірдің оғы» республикалық әзіл-сықақ театрлар фестиваліне қатысты. Биыл ауданға қарасты шалғайдағы ауылдарды аралап, концерт қоюды жоспарлап отыр. Мерейтойлық даталардың құрметіне орай қойылымдар әзірлеп, Денисов халқына мәдени демалыс сыйламақ.

Қазіргі күні өнер ұжымына Азамат Жолдыхан есімді өнерпаз жетекшілік етуде. Театрдың құрамында Әли Самат, Сырым Есенгелді, Қадиша Шаймерденова, Бекзат Ғазезов сияқты талантты қыз­жігіттер бар. Болашақта бұл құрамның қатарына ауданымыздың жастары да қосылады деген сенімдеміз.

Қымбат ДОСЖАНОВА

Суреттерді Денисов аудандық мәдениет бөлімі ұсынды.

Редактор

Recent Posts

Карасуские лидеры школьного самоуправления заявляют о себе своими поступками

Прошёл очередной молодёжный форум «Жас көшбасшылар – заңды қоғамға!». (далее…)

5 дней ago

Национальная одежда помогает карасуским школьникам узнавать историю

Через символы орнамента происходит знакомство с народными традициями и ценностями. (далее…)

1 неделя ago

В Карасуском районе наградили авторов лучших работ конкурса видеороликов

В регионе состоялось награждение победителей и призёров состязательного проекта, посвящённого ценностям мира и межэтнического согласия.…

2 недели ago

В Карасуском районе выделили свыше 13 миллионов тенге на строительство учебно-тренировочной башни для спасателей

В селе Карасу появится специализированный спортивный объект для подготовки спасательных подразделений. (далее…)

2 недели ago

В карасуском селе заработало АМС

Конструкцию в Заре возвели почти 2 года назад. Почему жители села смогли воспользоваться ею только…

2 недели ago

История карасулянки, сохранившей семейное дело и верность родной земле

Сегодня в мире отмечают Международный день сельских женщин. (далее…)

2 недели ago

This website uses cookies.