Бастауыш сынып оқушылары мен балабақша бүлдіршіндері арасында онлайн байқау өткізілді
Тілдерді оқыту орталығының ұйымдастыруымен «Біз біргеміз» жалпыреспубликалық акциясы аясында бастауыш сынып оқушылары және балабақша бүлдіршіндері арасында «Бала тілі – бал» – «Қазақстанымды жырлаймын» тақырыбында (үш тілде – қазақ тілі, орыс тілі, ағылшын тілі) мәнерлеп оқудан аудандық онлайн байқау өткізілді.
Шығармашылық байқаудың басты мақсаты – балалардың патриоттық, адамгершілік сезімін ояту, «Отан» туралы түсініктерін кеңейту және туған жерге деген сүйіспеншіліктерін оятып, елін, жерін сүюге, қадірлеуге үйрету. Сондай-ақ еліміздегі төтенше жағдайға байланысты енгізілген #үйдеқалыңыз #бізүйдеміз челлендждерін қолдау.
Қатысушылардың өнерін бағалау үшін арнайы қазылар алқасы құрылып, байқау барысын қадағалап отырды.
Қатысушылар ережеге сәйкес, өздері таңдаған Қазақстан, туған жер, Отан тақырыбындағы поэзиялық шығармалардан үзінді оқып, instagram желісінде #qarasubobek, #қазақстанымдыжырлаймын хештегтерін және instagram желісінде @karasucentr аккаунтін белгілеп салды.
Онлайн шығармашылық байқауға өңірден барлығы 31 бүлдіршін қатысып, 16 қатысушы іріктелініп алынды.
Байқау қорытындысы бойынша Темірлан Шынтыков (Қарасу мемлекеттік тілде оқытатын негізгі мектебі) және Мирас Қанапин («Нұр-сәби» балабақшасы) жүлделі үшінші орынға табан тіреді. Әмина Төрехан (Қарасу мемлекеттік тілде оқытатын негізгі мектебі) мен Анель Жақсағұлова (Қараман орта мектебі) екінші орынды жеңіп алса, Айым Лашенова (Қарасу мемлекеттік тілде оқытатын негізгі мектебі) мен Есения Анисимова («Нұр-сәби» балабақшасы) бірінші орынды еншіледі. Бас жүлде Нұрзат Бердібайға («Нұр-сәби» балабақшасы) бұйырды.
Instagram желісінің оқырмандары дауыс беріп, неғұрлым өзіне көп назар аудартқан кішкентай бүлдіршіндеріміз – Камшат Сайлаубек («Балапан» балабақшасы), Артем Алимов («Нұр-сәби» балабақшасы), Баян Айтбаева («Ақерке» балабақшасы) және Әлішер Бекжановқа («Нұр-сәби» балабақшасы) «Көрермендер көзайымы» номинациясы берілді.
Сонымен қатар, Аруна Есентай (Қарасу мемлекеттік тілде оқытатын негізгі мектебі), Алина Талах («Балапан» балабақшасы), Лев Еперов («Нұр-сәби» балабақшасы), Айдана Ертаева («Нұр-сәби» балабақшасы) және Элина Сергейчук («Нұр-сәби» балабақшасы) байқауға белсенді қатысқаны үшін марапатқа лайық деп танылды.
Байқаудың өтуіне ерекше атсалысып, балалардың шығармашылығын ұштағаны үшін Бибігүл Оразбекова («Нұр-сәби» балабақшасы), Анастасия Егорова («Нұр-сәби» балабақшасы), Айым Мұқанова («Балапан» балабақшасы), Айсұлу Кунусбаева («Балапан» балабақшасы), Гүлнар Болатбаева (Қарасу мемлекеттік тілде оқытатын негізгі мектебі) және Назгүл Сүйіндікова (Қарасу мемлекеттік тілде оқытатын негізгі мектебі) «Алғыс хатпен» марапатталады.
-Өскелең ұрпаққа сапалы білім мен саналы тәрбие беру қашанда маңызды мәселенің бірі болып саналады. Ел болашағы – жас ұрпақтың қолында. Сондықтан болашақ жастарды тәрбиелеу жолындағы осындай шараларды жиі ұйымдастырып тұруымыз керек. Байқауға қатысқан барлық бүлдіршіндерге шығармашылық табыс тілейміз. Балалардың жүрегіне жол таба білетін ұстаздар мен тәрбиешілердің еңбегі жана берсін. Байқауға қатысқан барлық бүлдіршіндердің ата-анасына алғысымызды білдіреміз, – дейді тілдерді оқыту орталығының оқытушысы Нұргүл Мұқанова.
Байқау қорытындысы тілдерді оқыту орталығының instagram, feisbuk, WK желілерінде жаряланды.
Жаңабай АХМЕТОВ
Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Qostanai.Media" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-701-031-72-31