Балабақшадағы қызыққа толы мереке
Октябрь ауылының «Салтанат» балабақшасында алтын күз мерекесі аталып өтті. Оған балабақшаның «Балдырған» тобының бүлдіршіндері, тәрбиешілер және ата-аналар қатысты.
Шараның басты мақсаты – күз мезгілінің ерекшелігін ескере отырып, балалардың шығармашылық қабілеттерін дамыту, мәдени – көпшілік шараларға белсенді қатысуға ынталандыру.
Шара барысында балабақшаның меңгерушісі Алмакүл Баймбетова құттықтау сөз сөйлеп, ізгі тілегін білдірді.
Мерекелік шара қызықты өтті. Алдымен кештің басты қонағы – Күз ханшайымы келді. Қуаныштан жүздері бал-бұл жанған бүлдіршіндер ортаға шығып, өз өнерлерін көрсетті. Әдемі, жарасымды киінген бүлдіршіндер тақпақтар оқып, ән айтып, би билеп, түрлі ойын-сауық бағдарламаларға қатысты. Күз ханшайымы бүлдіршіндерге сыйлық ретінде алма таратып берді.
Күзгі мерекеге қатысқан ата-аналар да өз тараптарынан шараны ұйымдастырушыларға алғыстарын айтып, шексіз ризашылықтарын білдірді.
Аталған шараның өз деңгейінде өтуіне жауапты болған тәрбиешілер –Жанара Айтпаева, Назия Садырбаева. Музыкалық жетекші – Алмас Оспанов.
Жаңабай АХМЕТОВ
Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Qostanai.Media" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-701-031-72-31