Бағытымыз айқын, мақсатымыз белгілі
Жолдауды түсіндіруге арналған жиын өтті
Өткен аптада аудандық орталықтандырылған кітапханада «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты ҚР Президентінің Қазақстан халқына Жолдауын түсіндіру бойынша кездесу жиыны болып өтті.
Басқосуға Қазақстан Республикасы Президентінің Жолдауын түсіндіру бойынша облыстық ақпараттық тобының мүшесі, Қостанай облыстық білім басқармасының тәрбие жұмысы бөлімінің басшысы Злиха Жилкибаева, «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Қайрат Мұқанов, мемлекеттік мекемелер мен ұйымдардың және білім саласының өкілдері қатысты.
Жиын барысында білім беру бөлімінің басшысы Светлана Циммер Қасым-Жомарт Тоқаевтың Парламент палаталарының бірлескен отырысында Қазақстан халқына жолдаған алғашқы Жолдауы еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуының алдағы бағыт-бағдарын айқындап беретін маңызды құжат екенін атап өтті.
Бұдан кейін сөз алған Злиха Жилкибаева Жолдаудың мемлекет дамуындағы маңызын, еліміздің ертеңін айқындайтын басым бағыттарына кеңінен тоқталды. Әсіресе, Мемлекет басшысының мемлекеттік институттардың рөлін нығайту, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау, экономиканы жаңғырту, халықты әлеуметтік қамсыздандыру мәселелері туралы жан-жақты әңгімелеп берді.
Сондай-ақ Жолдаудағы барлық бағыт еліміз үшін аса маңызды екенін, бұл міндеттер мемлекет экономикасын өркендетуге, 30 дамыған елдің қатарына енуге, халықтың әл-ауқатын жақсартып, жарқын болашағын қамтамасыз етуге бастайтынын тілге тиек етті.
Жиынға қатысушылар көкейдегі сұрақтарын қойып, ой бөлісіп, өзара пікір алмасты.
Жаңабай АХМЕТОВ
Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Qostanai.Media" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-701-031-72-31