Бағаны шарықтатқан дәріхана иелеріне шара қолданылады
Пандемия кезінде ең қажетті деген тауарлардың өзіне бағаны өсіріп, халықтың онсыз да жабырқаулы көңіліне кері әсер еткен кәсіпкерлер көп. Бұл қатарда дәріхана иелері де бар.
Осы аптада Қарасу ауданы әкімдігінің жанынан құрылған арнаулы мониторингтік топ аудандағы дәріханаларды кезекті рет аралап, ондағы баға мен қызмет көрсету деңгейін тексерді.
«ҚР ДСМ ҚКБТУ бойынша ҚББТУ бойынша Қарасу аудандық тауарлар мен қызметтердің сапасын және қауіпсіздігін бақылау басқармасы» РММ мамандарымен жетекші маман О. Радченко, «Қарасу ауданының кәсіпкерлік бөлімі» ММ басшысы А. Тұрғымбаева, «Нұр-Отан» патиясының Қарасу аудандық филиалының төрағасының бірінші орынбасары Қ. Мұқанов бастаған топ мүшелері аудандағы дәріханалар бойынша мониторингтік рейд жүргізді.
Дәріханалар бойынша мониторингілік рейд барысында заңға қайшы әрекеттер анықталмағанын айта кеткен жөн. Қазіргі таңда Қарасу ауылы аумағында 3 дәріхана жұмыс істейді, Олар ЖК Шелудько “Вита” , ЖК Шелудько “Целитель”, ЖК Балабекова. Рейд жүргізу кезінде дәрілік препараттармен қамтамасыз ету барысыда қатаң бақылауға алынды
«Мұндай топтар біздің облыстың әр аудандарда да бар. Қала бойынша да олардың саны аз емес. Өкінішке қарай, бірнеше кемшілікті өз көзімізбен көрдік. Әуелі дәрі-дәрмектердің бағасы шарықтағанын айтқым келеді. Оны жұртшылық та біліп отыр.
Мәселен, препараттардың құны 30 пайыздан аса қымбаттаған. Тұмау кезінде қолданылатын дәрілердің бағасы тіптен бірнеше есеге өскен. Және негізгі дәрілер сатылымда жоқ. Дәріханадағы қызметкерлер препараттар түскен бойда өтіп кететінін алға тартады.
Сосын дәріхана иелері сатып алушылар үшін қажетті жағдайды жасамаған. Соның кесірінен қалаларда ұзын-сонар кезек.
Мысалы, дәріханада жоқ препараттардың тізімін есік алдына тізіп жазып қоюға немесе жарты сағат сайын ауызша хабарлауға болады ғой. Бұл қаншама адамның уақытын үнемдеп, жүйкесін жұқартпас еді… Жоқ, ненің бар-жоқтығын кезекке тұрып, фармацевтің алдына барғанда ғана білесің.
Дәріханаға дені сау, болмаса көңілі көтеріңкі адамның бармайтыны белгілі. Әлгіндей әрекеттердің салдарынан одан сайын тұрғындар ашуланбай ма? Сондықтан «ақпараттық бұрыш ретінде есік алдына бір парақ қағазды жазып қойыңыздар» деп ескерту жасадық.
Сондай-ақ мәдениет жағы ақсап тұр. Халыққа қызмет көрсететін кез келген нысан иелері қарамағындағыларға сыпайы болуды, мейлінше түсіністікпен қарауды ескертуі тиіс. Қатты сөйлеп, дөрекі жауап беру, әсіресе дәріханадағы қызметкерлерге жараспайды. Бұл – өте ұят. Осындай жағдайға рейд барысында өзіміз де куә болып, келесіде мұны қайталамауды, әйтпесе әкімшілік жауапкершілікке тартылатынын түсіндірдік.
Рейд барысындағы барлық кемшіліктер құзырлы органдарға жеткізіледі. Тиісті шаралар қабылданады.
Ал бағаның шарықтауын ел болып бір қатаң шара қолдану керек. Бұл бойынша да мәселелер аяқсыз қалмайды» , – дейді ҚР ДСМ ҚКБТУ бойынша ҚББТУ бойынша Қарасу аудандық тауарлар мен қызметтердің сапасын және қауіпсіздігін бақылау басқармасы» РММ басшысының міндетін атқарушы Дүйсебай Аппазов.
Арнаулы топ дәріханалардағы санитарлық жағдайдың сақталуын тексеріп, бетперде мен басқа да қорғаныш құралдарын талапқа сай қолдану керектігін айтты.
Айта кетейік, аталаған топтар өз жұмысын наурыз айында бастады. Олар халық көп шоғырланатын саябақ, қызмет көрсету орындары, т.б. аралап, жұртшылықтың арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізіп келеді
Мешіт Ғазизұлы
Суретті түсірген монитроинг топ мүшелері
Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Qostanai.Media" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-701-031-72-31