Қазақстан халқының тілдері күніне арналған фестиваль
Октябрьское ауылдық мәдениет үйінде Қазақстан халқының тілдері күніне орай «Тіл мерейі» атты тілдер фестивалі болып өтті. Оған қатысқан өнер ұжымдары әр ұлттың салт-дәстүрін көрсетіп, өнерлерін паш етті.
Шараның басты мақсаты – Қазақстан халқының ұлттық тілдерін дамыту, тарихы мен салт-дәстүрлерін сақтау және тілін, мәдениетін құрметтеуге тәрбиелеу.
Фестиваль барысында тілдерді оқыту орталығының директоры Гүлнар Барамбаева құттықтау сөз сөйлеп, ізгі тілегін білдірді.
Фестиваль бірнеше кезеңнен тұрды. Барлық қатысушы топтар үлкен дайындықпен келген. Октябрьское ауылы – татар-башқұрт ұлты, Шолақашы ауылы – қазақ ұлты, Айдарлы ауылы – өзбек-тәжік ұлты, Железнодорожный ауылы – орыс ұлты, ал «Беседушка» вокалдық тобы – украин-беларус ұлты атынан шықты.
Фестиваль шартына сай, әр топ өздерін таныстырып, одан кейін ұлттық мәдениеттерінен шашу шашып, жарыса төл өнерлерін көрсетті. Бірлескен шара барысында аталмыш ұлттардың мәдениеті көрсетілді. Әр ұлттың ән-биінен шашу шашылды.
Әр кештің өзіндік бір ерекшелігі болады. Аталмыш кештің бірден-бір өзгешелігі – әр ұлттың атынан шыққан топтардың арасында ауызбіршілік пен түсіністік, қарапайым сыйластықтың үстемдік құрғаны сезіліп-ақ тұрды. Осындай жан-жақты ұйымдастырылған шараға келушілер дән риза болды. Тіпті, сахна төріне көтерілген әрбір өнерпазды жылы қабылдап, қошеметтерін аямады.
Жаңабай АХМЕТОВ
Суреттерде: мерекелік шарадан көріністер
Суреттерді ұсынған тілдерді оқыту орталығы
Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Qostanai.Media" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-701-031-72-31