Ауыл тазалығы – баршаға ортақ
Қандай да бір елді мекенге бара қалсаңыз, әрине, алдымен сол ауылдың тазалығына, көркіне көңіл аударасыз
Өйткені бірінші болып осылар көзге түседі. Сондықтан да, ауыл тазалығына барынша көңіл бөлуіміз керек.
Өңірде жыл сайын үрдіске айналған сенбілік жұмыстары қарқынды жүріп жатыр. Мемлекеттік мекемелер, кәсіпорындар және әлеуметтік маңызы бар нысандардың ұжымдары қоғамдық орындарды абаттандыру, көркейту және санитарлық тазалық жұмыстарына белсенді қатысуда.
Өткен аптада аудан оралығындағы мемлекеттік мекемелер мен ұйымдар, кәсіпорындар және жеке кәсіпкерлер өздеріне тиесілі аумақты жинастырып, тазалық шараларын жүргізді. Аудан әкімі Виктор Радченконың өзі бас болып, еңбек ұжымдарымен бірге тазалық жұмыстарына атсалысты. Сенбілікке шыққандар күл-қоқыстарды тазалап, қураған жапырақтар мен шөптерді жинап, 40 текше метрге жуық қоқыс сыртқа шығарылды. Бұл жұмыстарға 2 техника жұмылдырылды.
Бұл, әрине, өзіміз өмір сүріп жатқан қоршаған ортаны таза ұстау үшін жасалып жатқан жұмыстар.
Ауылды көркейту, көгалдандыру жұмыстарына арналған жұмыстар әлі де жалғасын табады.
Ауыл тазалығы – баршаға ортақ іс. Әрбір тұрғын осыны қаперінде ұстап, ауылдың, қоршаған ортаның тазалығына барынша атсалысса, ауылдың одан әрі көркейе түсуіне септігін тигізері анық.
Ауылдың, көшелердің таза болуына жанашыр болайық, ағайын!
Жаңабай АХМЕТОВ
Суреттер автордікі
Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Qostanai.Media" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-701-031-72-31