Ауыл күні аталып өтті
Комсомол ауылындағы думанды мереке
Комсомол ауылы – ауылшаруашылық, әлеуметтік, кәсіпкерлік саласында ілгері дамып келе жатқан елді мекендердің бірі. Ауыл халқы ынтымақта, береке-бірлікте тату-тәтті өмір сүруде. Бірлігі жарасқан ауыл тұрғындары үшін биыл ерекше жыл. Яғни ауылдың іргетасы қаланғанына 65 жыл толып отыр.
Жуырда комсомолдықтар ауылдың 65 жылдығына орай «Ауыл күнін» атап өтті. Аталмыш шара Ильичев орта мектебінде өтті. Оған жиналғандар көп болды.
Айтулы шара барысында білім беру бөлімінің әдіскері Сәуле Ибраева, жастар ресурстық орталығының маманы Зарина Оразбекова және мектеп директоры Базарбай Қатпенов құттықтау сөз сөйлеп, ізгі тілегін білдірді.
«Достық» аудандық мәдениет үйінің өнерпаздары, мектеп ұжымы және оқушылардың қатысуымен концерттік бағдарлама көпшілік назарына ұсынылды. Концертте оқушылар ән айтып, би билеп, туған жер туралы өлең оқыды. Жас өнерпаздар ән шырқап, өз өнерлерін ортаға салып, салтанатты думанды әрлендіріп, ажарын аша түсті.
Тарих пәнінің мұғалімі И. Провоторова ауылдың тарихы туралы мол мағлұмат баяндап берді.
Жаңабай АХМЕТОВ
Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Qostanai.Media" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-701-031-72-31