Аудандық мәслихаттың депутаты, жеке кәсіпкер Дмитрий Пилипенок дінге жанашырлық танытты
Бүгінде ауданымызда мешіті бар елді мекендер саны саусақпен санарлықтай.
Солардың бірі – Октябрь ауылындағы «Қарамырза» мешіті. Бұл қасиетті құлшылық үйіне көмек беріп, қолдау көрсетіп тұратын жандар аз емес.
Өздеріңізге белгілі, осыдан бірнеше жыл бұрын «Қарамырза» мешіті жанынан 150 орындық асхана ашылған болатын. Жуырда аудандық мәслихаттың депутаты, жеке кәсіпкер Пилипенок Дмитрий Антонович осы асхананың жылу беру жүйесіне жаңа насос сатып әперді.
– Мешіт – киелі де қасиетті орын болғандықтан, қашанда халықтың жіті назарында. Мешіттің әлеуметтік жағдайын жақсартуға көмек қолын созып, дінге жанашырлығын көрсетіп жүрген жандар жетерлік. Асханамыздың жылы болуына көңіл бөліп, жаңа насосқа қол жеткізуімізге көмек берген Дмитрий Антонович алғысымыз шексіз, – дейді «Қарамырза» мешітінің имамы Серік қажы Салих.
Жаңабай АХМЕТОВ
Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Qostanai.Media" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-701-031-72-31