Аудандық командалық-штабтың екі күндік оқу-жаттығу жиыны өткізілді
Қарасуда көктем мезгіліндегі төтенше жағдайлардың алдын алуға байланысты «Көктем-2020» аудандық командалық-штабтың екі күндік оқу-жаттығу жиыны болып өтті.
Негізгі шара басталмас бұрын аудан әкімдігінде көктемгі қауіп-қатерге қарсы дайындық жұмыстарын пысықтауға арналған деңгелек үстел өткізілді.
Тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге жауапты бөлімдер мен құзырлы органдардың басшылары бас қосқан шарада алғақшы болып сөз алған төтенше жағдайлар бөлімінің бастығы, азаматтық қорғау майоры Нұрлан Мырзабеков оқу-жаттығу жұмысының тәртібі және қатысушылардың алдында тұрған міндеттерді жан-жақты айтып түсіндірді.
Бұдан кейін аудан әкімінің орынбасары Ерлан Балжақаев алдағы уақытта су тасқынын болдырмау үшін барлық әзірлік жұмыстарын жүргізіп, табиғаттың тосын апатына тас-түйін дайын болуымыз керек екенін қадам айтты.
Апат айтып келмейтіндігін ескерткен Ерлан Зылғарыұлы азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлар жөніндегі қызметтердің көктемге дайындығын тексеріп шықты. Осыдан кейін дереу оқу-жаттығуға кіріскен сала мамандарына су басудың зардабын жою жөнінде арнайы тапсырмалар беріліп, азаматтық қорғаныс және төтенше жағдай қызметтері құтқару жұмыстарына кірісті.
Жаттығу барысында қойылған тапсырмалар толығымен орындалып, көздеген мақсатына жетті.
Жаңабай АХМЕТОВ
Суреттер автордікі
Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Qostanai.Media" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-701-031-72-31