Қасиетті Рамазан айының құрметіне орай игі шаралар ұйымдастырылды
Рамазан айы – Алла тағаланың ерекше ықыласы түскен, шапағаты мол ай. Бұл қасиетті айда пенделер Аллаға құлшылық жасап, ізгі тілек тілеп, бір-біріне мейірімді болып, жақсылық жасауға, жақынына көмектесіп, мұқтаждарға қол ұшын беруге тырысып жатады
«Рамазан – сауаптардың сансыз еселеніп жазылар айы» – деген.
Рамазан айында қайырымдылық жасау ең сауапты да, қайырлы істердің бірі болып табылады. Қасиетті айда Қарасу аудандық мешітінің мұрындық болуымен, жанашыр жандардың қолдауымен қайырымдылық іс-шаралар атқарылып келеді. Жуырда Рамазан айының құрметіне орай тұрмыс жағдайы төмен, көп балалы аналарға азық-түлік жиынтығы таратылды.
Аудан әкімі Виктор Радченко және бірқатар басшылық қызметтегі азаматтар бұл істің ұйытқысы болды.
Осы игі істің басы-қасында жүрген Қарасу аудандық мешітінің бас имамы Халық қажы Қабиұлы алдымен Қараман орта мектебіне арнайы барап, алты отбасыға азық-түлік жиынтығын табыс етті. Бас имам өз сөзінде жиналғандарды Рамазан айымен құттықтап, игі тілегін білдірді. Қасиетті айдың қадір-қасиеті және қайырымдылық тақырыбында уағыз-насихат айтты.
Өз кезегінде Қараман орта мектебінің директоры Ғабит Сарбасов игі істі ұйымдастырған жандарға ризашылығын айтып, ізгі тілегін білдірді. Отбасылар қамқорлық көрсеткені үшін алғыстарын айтты.
Бұдан бөлек, Халық қажы Қабиұлы Қарасу мемлекеттік тілде оқытатын негізгі мектебі және Қарасу орта мектебінде болып, аз қамтылған отбасыларға азық-түлік жиынтығын табыстады.
Алла разылығы үшін жасалған мұндай игі іс-шаралар алдағы уақытта да жалғасын табады.
Жаңабай АХМЕТОВ
Сурет автордікі
Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Qostanai.Media" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-701-031-72-31