Қасиетті Рамазан айында жарық дүние есігін ашқан сәбиге Иманғали есімі берілді
Бала – өмірдің гүлі, отбасының базары мен ажары. Елімізде соңғы уақытта дүниеге келіп жатқан сәбилер саны артуда. Оларға мемлекет тарапынан көрсетілетін қолдау да бар.
Қазір иісі мұсылман қадір тұтатын қасиетті Рамазан айы. Бұл ай – Алла тағаланың ерекше ықыласы түскен, шарапаты мол, ізгі ниетті іске сауабы көп, жыл он екі айдың қадірлісі. Сауабы мен берекесі мол қасиетті Рамазан айында ерлі-зайыпты Серік Диханбаев пен Әйгерім Хамитованың отбасында тағы бір ұл бала дүниеге келді. Нәресте Рамазан айында жарық дүние есігін ашқандықтан, кішкентайтың есімін Иманғали деп атады.
Отағасы Серікпен телефон арқылы сөйлесіп, жас сәбидің дүниеге келуімен құттықтап, нәрестенің дені сау, бауы берік болсын деген тілек жеткізген болатынбыз.
– Қасиетті Рамазан айында шаңырағымыз тағы бір сәбимен толығып жатыр. Аллаға шүкір. Қуанышымызда шек жоқ, – дейді Серік.
«Балалы үй – базар, баласыз үй – қу мазар» дейді. Нәрестелі болған отбасының қуанышына қуаныш қосылып, бақытқа кенелері сөзсіз. Себебі балалы болу – өмірдегі ең үлкен бақыт. Сықылықтап күлген күлкісімен, әрбір қызық қылықтарымен таңқалдырған жас сәби – адам өмірінің жалғасы. «Адам ұрпағымен мың жасайды» емес пе?!
Жаңабай АХМЕТОВ
Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Qostanai.Media" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-701-031-72-31