Қарсулық білім ордалары бір айға созылған акцияны қорытындылауда

Аталмыш шарада балаларды білім беру ұйымдарына тасымалдауды ұйымдастыру барысында олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, мектеп автобустарымен тасымалдауды жүзеге асыру кезінде жол-көлік оқиғаларының алдын алуды көздеген болатын.

Акция Қарасу ауданы аумағында  2020 жылғы 15 қаңтардан бастап 15 ақпан аралығын қамтыды.

Шараға мектепке дейінгі және мектеп жасындағы оқушылар, мүдделі мемлекеттік органдардың, кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссиялардың, ата-аналар қауымдастығының, мекемелердің, еңбек ұжымдарының, үкіметтік емес ұйымдардың, бұқаралық ақпарат құралдарының, жергілікті полиция қызметтерінің өкілдері және тағы басқалар белсенді атсалысқанын айта кеткен жөн.

Ерекше тоқтала кетер бір жайт, осынау тың бастама аясында мектептік тасымалдауды ұйымдастыру жөніндегі жергілікті атқарушы органдардың қызметін зерделеуде жүргізіліп отыр.

Мектеп автобусының жүргізушісі болу  мұқияттылық пен   зор  жауапкершілікті талап ететін мамандық.  Өйткені тәжірибелі  мектеп жүргізушісі Виктор Шлотгауэрдің қолында 35 балалың өмірі  бар. Бәр сәтте қателесуге болмайды. Темір тұлпарды жанына серік еткен Виктор белгіленген бағыт бойынша күнделікті Люблинка, Носовка, Симферополь, Корниловка ауылдарынан білім алуға асыққан шәкірттерді дер уақытында Люблин орта мектебіне жеткізеді.

Қазіргі таңда мектеп автобусының жүргізуші балаларды мектепке апаруды жүзеге асыратын білім беру үдерісінің ажырамас бөлігі болып табылатындығын батыл айтуға болады.

Бірнеше ауылдың балаларын тасымалдаудаға мемлекеттік нөмірі 247AZ10, 2017 жылы шыққан ТС ПАЗ 32053 моделінің автобусында жүзеге асырылады.

Автобус тұрақты негізде техникалық байқаудан өтеді, соңғы қарау күні 07.06.2019 жыл деп тұр.  Арнайы дыбыс сигналыда бар.

Осы жылдың 15 қаңтары мен 15 ақпаны аралығында Люблин орта мектебінде балалар арасында ағымдағы оқу жылында екінші рет «Қауіпсіз мектеп автобусы» атты акциясы өтіп отыр. Сынып жетекшілері өздерінің шәкіртеріне  мектепке тасымалдау, автобуста жүру кезінде қауіпсіз жүріс-тұрыс бойынша әңгіме өткізді. Ал, білім ордасы автобусының жүргізушісімен балаларды мектепке тасымалдау кезінде қауіпсіздік нұсқаулығы қайта пысықталды.

Сонымен қатар, күнделікті мектепте кезекші ұстаздар  оқушыларды алып жүріп, олардың  автобусқа қауіпсіз отырғанын бақылайды.

Амангелді ауылында  да  «Қауіпсіз мектеп автобусы» республикалық акциясы аясында арнайы құрылған аудандық  жұмыс тобы автокөліктің жағдайын, балаларды тасымалдауда жүзеге асырылатын техникалық талаптарға сәйкестігін тексеріп, жүргізушімен нұсқаулық өткізді.

Сондай-ақ, аталмыш білім ордасында осы акция аясында «Жарқын бол» деп аталатын сынып сағаттары, қауіпсіздік сабақтары, оқушылар мен олардың ата-аналары арасында жол қозғалысына қатысушыларды  сақ болуға шақыру бойынша флеш-мобтар өткізілді.

Бастауыш сыныптар арасында  сурет  саулдан сайысы өтті. Ең жақсы жұмыс авторлары  дипломдар мен тәтті сыйлықтармен марапатталды.

Мешіт Ғазизұлы

Редактор

Recent Posts

Қарасуда қазақ тілінде білім алуға ынта артты

Қарасу ауданының тұрғыны Наталья Жаломская осыдан бірнеше жыл бұрын кішкентай қызы Екатеринаны жетектеп, қазақ мектебіне…

2 дня ago

Карасуский школьник предотвратил трагедию

Шестиклассник Саша Попов решительными действиями во время пожара помог избежать жертв. (далее…)

3 дня ago

Карасуские пожарные закрепили успех на промежуточной стадии состязаний

Завершился очередной этап областной спартакиады среди подразделений ДЧС Костанайской области. (далее…)

3 дня ago

Буллинг начинается с молчания: в Карасу говорили – почему взрослым важно вовремя заметить проблему

В рамках проекта «Профилактика буллинга среди обучающихся школ» состоялись две встречи: в Карасуской центральной библиотеке…

4 дня ago

В Карасу в рамках проекта «Профилактика буллинга среди обучающихся школ» состоялись две встречи: в центральной библиотеке и отделе полиции

Участники разбирали реальные ситуации, учились отличать травлю от обычного конфликта и говорили о признаках, по…

5 дней ago

Диалог поколений состоялся в учреждении образования Карасуского района

В профтехорганизации прошла встреча представителей разных возрастных групп. (далее…)

1 неделя ago

This website uses cookies.