Қарасулықтарды сапалы ауыз сумен қанымдамақ
Облыс үшін аса маңызды жобаны мердігер уақынында орындауға сөз беріп отыр. Соңғы 13 жылда облыстың ауыз сумен қамту жүйесін дамытуға республикалық қазынадан 26 млрд. теңге бөлінген. Нәтижесінде 80-нен астам елді мекен тіршілік нәрімен қамтылды.
Су мәселесін шешу шаралары Қарасу ауданында да оң көрініс табуда.
Қарасу ауданында сапалы ауыз су түйткілін шешу аясында Қарасу және Восток ауылдарында 71139 метр су құбырларын қайта жаңарту жұмыстары жұріп жатыр. Аудан үшін аса маңызды инфрақұрылымдық жобаны жүзеге асуы талай тұрғынға қуаныш сыйламақ.
«Жобаның жалпы құны 1 миллиард 897 миллион 434 мың 066,53 теңгені құрады. Аталған сомманың 90пайызын республикалық бюджеттен, сонымен қатар жобаның жалпы сомасының 10 пайызын облыстық бюджеттен бөлінді.
Жоспарға сәйкес жобаның шарттары үш кезеңге бөлінген. 2020 жылғы мамыр-қазан, 2021 жылғы мамыр-қазан және 2022 жылғы мамыр-шілде айлары. Құрылыс жұмыстарын жүргізіп жатқан мердігер алматылық «ТАМАС» ЖШС », -дейді «Қарасу аудандық әкімдігінің сәулет, құрылыс және қала құрылысы бөлімінің» басшысы Владимир Никель.
Аталмыш су құбыры тартылған соң жақын орналасқан екі ауылдың бес мыңнан астам тұрғындарын сапалы ауыз сумен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Қазіргі таңда мердігер жобаны өз мерзімінде жүзеге асыру мақсатында мейлінше әрекет етуде.
Сәтін салса, атқарылып жатқан жұмыс нәтижесі қыркүйек айының аяғында аудан орталығы мен бірнеше елді мекендерді сапалы ауыз сумен қамтамасыз етеді деп күтілуде.
Мешіт Ғазизұлы
Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Qostanai.Media" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-701-031-72-31