Қарасулықтар үшін маскада тапшылық жоқ
Ауылдастарының қамын ойлаған жергілікті кәсіпкерлер ауыл тұрғындарын арзан маскамен қамтып отыр
Тұрғындардың қауіпсіздігін ескерген Қостанай облысындағы 70 жеңіл өнеркәсіп ұйымы медициналық маска тігуді бастады. Жақын арада бұл іске тағы да 20 шақты тігін цехі жұмылдырылмақ.
Бұл туралы Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетов Коронавирустық инфекцияның пайда болуы мен таралуына жол бермеу жөніндегі штаб отырысында баяндады.
«Осы уақытқа дейін аймақта медициналық маска шығарылмағаны баршаңыз білесіздер. Аталмыш саладағы сұраныстың алдын алып, тұрғындар арасында алып қашап әңгімелердің алын алу мақсатында, біз бұл жұмысты өңірдегі тігін өндірісіне беріп отырмыз.
Соның арқасында қазіргі уақытта облыс бойынша 70 кәсіпорын маска тігуді бастап кетті », — деді облыс әкімі.
Дер кезінде қолға алынған шаралардың арқасында 17-29 наурыз аралығында облыс бойынша 238 мың қорғаныш маскалары тігіп, тұрғынушыларға жеткізілген.
Қарасу ауданында тұрғындарын қорғаныс құралдарымен қамтамасыз ету мақсатындағы жұмыстар тұрақты назарда. Аудан тұрғындары қорғаныс құралдарын қарасу ауылында жергілікті кәсіпкер Аягөз Ускембаева мен Октябр ауылында жеке кәсіпкер Дмитрий Пилипёнок сатып жатыр.
«Біз үшін ауылдастарымыздың қауіпсіздігі басты назарда. Сондықтан осы істі қолға алып отырмын. Мен бұл жерде өз басымды ойлап, пайда көрем деген арам ойым жоқ. Осындай ел басына қиын сын түскенде біз секілді кәсіпкерлер қол үшын соз керек қой. Мен бұл масклерді қаладан тапсырыспен тіктіріп, сол бағаға сатып жатырмын. Олардың бағасы 150 теңге. Ең бастысы ауылдастырымыз аман болсын» , – дейді қарасулық кәсіпкер Аягөз.
Мешіт Ғизизұлы
Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Qostanai.Media" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-701-031-72-31