Қарасулық полицейлер жүргізуші әйелдерді 8 наурыз мерекесімен құттықтады
Бұл шара тәртіп сақшылары арасында дәстүрге айналған
Олар жолға шығып, қыз-келіншектер тізгіндеген көліктерді тоқтатып, көздң жауын алатын гүл шоқтарын ұсынды. Тіпті сол күні олар жол жүру ережесін бұзған кейбір жүргізушілерге кешіріммен қарап, мерекелік көңіл-күй сыйлады. Соңғы жылдары ауданда көлік жүргізетін нәзік жандылар қатары артқан.
«Олар темір тұлпарды ер азаматтардан кем басқармайды», – дейді жол қаусіздігін бақылайтын жергілікті инспекторлар.
“ Менде бірінші рет мұндай болып тұр. Ауданға жұмыс бабымен қонаққа келген едім. Жолда жүру ережесін бұзбаған секілді едім. Қорқып кеттім. Рақмет! Қуаныштымын. Жұмыстарыңыз алға баса берсін. Шаршамаңыздар, – дейді көлік жүргізушісі Жазира есімді бойжеткен.
“Мереке күні әрбір аруға гүл сыйлаудамыз. Аудан бойынша қазір біздің әрбір автоэкипаж, яғни қызметкерлеріміз дәл осындай іс-шарамен айналысты. Осыған орай әйел азаматтарын халықаралық мейрамдарымен құттықтаймын. Жол ережесін бұзбай сақтап жүріңіздер дегім келеді”, – дейді Қарасу аудандық ішкі істер бөлімінің бастығы Ерлан Рахимов.
Мешіт ҒАЗИЗҰЛЫ
Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Qostanai.Media" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-701-031-72-31