
Қарасулық мерген облыс чемпионатында топ жарды
Қарасу ауданында жазғы облыстық спартакиада аясында оқ ату спортынан ересектер арасында жарыс өтті.
Облыс деңгейіндегі маңызды бәсекеде қарасулық мергендер аянып қалған жоқ. Батырхан Ермағамбетовтың оғы нысанаға дөп тиіп, жарыстың алтын жүлдесін ұтып алды. Бұған дейінгі додаларда Рудный қаласының спортшылары көш бастап, шашасына шаң жұқтырмап еді. Кеншілер қаласы тіпті 9 жыл қатарынан чемпион атанған. Биыл біздің қыз-жігіттер жеңіс туын бәсекелестерден жұлып алды.
Аймақтың аудан, қалаларынан жиылған 20 команда бақ сынады. Соның сегізі финалға өтті. Қызық дәл осы арада басталды. Қостанай, Рудный қалалары мен Қарасу ауданының мергендерінің арасында бәсеке қызды. Тартыс нәтижесінде қарасулық Батырхан Ермағамбетовтің бағы жанып, бас бәйгені еншіледі. Осылайша, Батырхан оқу ату спортынан облыстық спартакиадада жеке құрамда алғаш рет чемпион атанып отыр. Жерлесіміз Мәдина Закирова финалда Қостанай қаласы мен Қостанай ауданының спортшыларынан басым түсіп, 4-орынды місе тұтты. Жалпы командалық есепте Қарасу құрамасы 5-орынға жайғасты.
Қымбат ДОСЖАНОВА
Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Qostanai.Media" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-701-031-72-31