Қарасулық кәсіпкерлер көмекке мұхтаж қарияларға қол ұшын созуда
Қазір еліміздегі қалыптастып отырған жағдай кез келген жанды алңдатпай қоймайтыны анық. Себебі, көзге көрінбейтін індет талай отбасының үрейін алып, тығырыққа тіреп жатқаны жасрын емес.
Оның үсіне қауіпті індеттің көптеп таралуына байланысты еліміз бойынша енгізілген қатаң шаралар қоғамдағы әлжуаз топтардың әлеуметтік мәселелерін қалыңдатып жіберді. Осыны ескерген «Қарасу ауданы әкімдігінің кәсіпкерлік бөлімі» ММ және «Нұр Отан» партиясының аудандық филиалының тікелей мұрындық болуымен аудан кәсіпкерлерімен бірлесе отырып кезінде еліміздің болашағы үшін аянбай еңбек еткен ардагерлерге азық-түлік жиынтығы мен тұртыстық заттар түрінде қолдау көрсету бойынша жұмысты қолға алды.
«Қазіргі уақытта ардагерлер мен тыл еңбеккерлері өздерінің жасына және денсаулық жағдайына байланысты коронавирустық инфекцияны жұқтыру бойынша қауіп-қатердің негізгі тобында тұр.
Сондықтан олар жан-жақты қолдауды қажет етеді. Осыған байланысты «Қарасу ауданы әкімдігінің кәсіпкерлік бөлімі», «Нұр Отан» партиясының аудандық филиалы бірлесе отырып, аудан кәсіпкерлерінің көмегімен зәру жандарға азық-түлік және тұрмыстық заттар жиынтығы түрінде көмек көрсетуді қолға алды.
Қазірі таңда, осынау қатерлі дертті баршамыз бірлесе жеңе алатынымыз даусыз.
Сондықтан, біздің бүгінгі болашағымыз үшін жан аямай еңбек еткен аға буын өкілдеріне көмек көрсетуге қол үшын созған аудандық атымтай жомарт, кәсіпкер азаматтарды атап өтуіміз керек.
Олар «Серік Диханбаев» ЖК, «Мустафина А.М.» ЖК «Универсам» дүкені, «Бажина Л. Л.» ЖК, «Идеал» дүкені, «Макишев А. О.» ЖК «Мини-Маркет» дүкені, «Балабекова С. С.» ЖК «Березка», «Бухаленко В» ЖК «У мостика» дүкені, «Руденко В. В.» ЖК «Торговый дом» дүкені. «Ускумбаева А. М.» ЖК «Дана» дүкені»» ,-дейді «Нұр Отан» партиясының аудандық филиалының торағасының бірінші орынбасары Қайрат Мұқанов.
Бұл жолғы аудан бойынша қолға алынған қайырымдылық шарасы ауқымдылығы жағынан ерекше болып тұр. Негізгі көмек аудандағы ардагерлерге, тыл еңбеккерлеріне және жалғыз тұратын зейнеткерлерге көрсетілмек.
Кеше басталған қайырымдылық шарасы барысында К. Видеркер , К.Искаков , А. Каленов , А. Каппасова , Ж. Кужабаев , М.Урюпин, Г. Букштынова, Л. Чумак, А.Орлова , А. Мелешкина, А. Искаков секілді зейнеткерлердің отбасына көмек көрсетілді.
Қайырымдылық шарасын ұйымдастырушылардың пікіріне сүйенсек, бұл игі бастама осымен тоқтап қалмайды екен. Бұл бағыттағы жұмыс алдағы аптада да жалғасатын болады. Осылайша олар аудандағы барлық көмекке зәру қарияларға қол ұшын созбақ.
Меші Ғазизұлы
Суретті түсірген қайырымдылық шарасын ұйымдастырушылар
Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Qostanai.Media" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-701-031-72-31