Қарасулық балғындар байрақты бәсекеде топ жарды
Қарасулық балғын спротшылар Қостанайда өтетін алдағы Nomad MMA бойынша Қазақстан Республикасының чемпионатына дайындық жұмыстарына белсене кірісіп кетті
Алда болатын байрақты бәскеге дайындық барысында Қостанай жекпе-жек одағының секциялары арасында жолдастық кездесу өтті. Онда “Бүркіт” спорт клубының (Қойбағар ауылы) балалары үздік нәтижелер көрсетті.
Жарыс барысында жерлес жас өрендеріміз Артем Нечаев пен Аңсар Жұмабаев кездесудің чемпион атанды. Ал, қатарластарынан қара үзіп тамаша ұрыс үлгісін көрсеткен Жұмабаев үшінші орынды иеленді.
«Біздің ауданымыздың тарихы саңылақ спортшыларымен ерекшеленеді. Талай таланттарды түлеткен біздің жерімізде болашағынан зор үміт күтіретін жастардың өсіп келе жатқаны біз үшін ұлкен мәртебе. Шәкірттерім бүгінде жарыстарда биік белестерді бағындырды. Айлап төккен еңбекті ақтап отыр. Алдағы болатын ел біріншілінде облыс намысын ақтаймыз деп сенемін», -дейді олардың жаттықтырушысы Эдым Хамиев
Мешіт Ғазизұлы
Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Qostanai.Media" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-701-031-72-31