Қарасуда жаңа білім ордасы салынады
Мемлекеттік тілде оқытатын орта білім ордасы 320 оқушыға арналып отыр
Бұған дейін аудандық, облыстық, қала берді респбуликалық басылымдарда аумағы ат шаптырым жерді иеленіп жатқан Қарасу ауданында мемлекеттік тілде оқытатын білім ордасы жоқ екенін талай мәрте айтылып, жазылып жүрген болатын.
Жақында осыған байланысты сүйіншілеген жақсы хабардың куәсі болдық. Атап айтар болсақ, аудан орталығы Қарасу ауылында 320 орынға арналған су жаңа бектеп бой көтермек.
«Аталмыш мектеп құрылысын салуға 2018 жылы жұмыс жобасы әзірленіп, № СНКП-0045/18 нөмірімен ведомстводан тыс сараптаманың оң қорытындысы алған болатын. Жобаның жалпы құны 1 285 918,93 мың теңгені құрайды, оның ішінде жобалау-іздестіру жұмыстарына 23 576.99 мың теңге, кешенді ведомстводан тыс сараптамаға 240, 5 мың теңге, құрылыс-монтаж жұмыстары мен техникалық қадағалауға 15 759,63 мың теңге, авторлық қадағалау жұмыстарына 2 487,71 мың теңге қарастырылған» , – дейді «Қарасу ауданы әкімдігінің сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі» ММ басшысы Владимир Никкель.
Жоба бойынша жаңа мектептің орналасатын жері Қарасу ауылындағы Май зауыты көшесінің қиылысы мен Совхозный көшесінің қиылысының арасындағы бос тұрған жерде орн
Мектептің бас жоспарда бірнеше аймақтар қарастырылған. Атап айтар болсақ. жүгіру жолдары, футбол алаңы, баскетбол және волейбол алаңдары бар дене шынықтыру-спорт аймағы орналаспақ.
Бір сөзбен айтқанда заман талабына сай білім ордасында жоғарыда аталған артықшылықтармен қатар , оқу-тәжірибе станциясы, мектеп бақшасы, 0-4 сыныптардың демалуына арналған аула, негізгі кіреберістің алдындағы мерекелік алаң, 5-8 сыныптардың тыныш ойын алаңы бар.
«Біз жобаланып отырған жаңа мемелекеттік тілде оқытатын жалпы орта білім беретін мектепті көп күттік. Енді аудан орталығында 320 оқушы заман талабына ай жан-жақты қамтылған білім ордасында тәрбие алмақ. Оның үстіне оқу процесінің технологиясы 12 жылдық мектептің жетілдірілген оқу бағдарламаларына сәйкес. Жоба барлық оқу кабинеттерін қажетті технологиялық жабдықтар жиынтығымен жарақтандыруды көздейді. Мен өзім ата-ана ретінде балаларымның осындай білім ордасына баратыны көңіл қуантады», – дейді «Нұр Отан» партиясының Қарасу аудандық филиалының бірінші орынбасары Қайрат Мұқанов.
Жалпы мектеп ғимараты екі қабатты, жертөлесі бар, жоспарда өлшемдері 57,4 х 58,17 м болатын тікбұрышты нысаны бар. Білім ордасының бірінші қабатының биіктігі 3,3 м, ал екінші қабаты 4,2 м құрайды. Алжалпы ауданы – 5 765 ш.м.
Жұмыс жобасында қолда бар мүмкіндіктерге сәйкес импортты алмастыратын жергілікті құрылыс материалдары мен бұйымдары, сондай-ақ Қазақстан Республикасының кәсіпорындарында шығарылған өнімдер пайдалану көзделіп отыр.
Жаңа мектептің құрылыс жұмыстары барысында 82 адам жұмыспен қамтылмақ.
Қолданыстағы құрылыс нормаларына сәйкес мектептің құрылысы 8 ай мерзімде аяқталмақ .
Мешіт Ғазизұлы
Суртетте Қарасу ауылында салынатын мектептің көрінісі
Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Qostanai.Media" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-701-031-72-31