Қарасудағы әмбебап алаң
Сауауатты өмір салтын ұстанған жандар үшін ерекше тару болды
Салауатты өмір салтын қалыптастыру арқылы спортты бұқаралық сипатқа жеткізу қазіргі қазақ қоғамының басты міндеттерінің бірі. Бүгінде елдегі спортпен тұрақты шұғылданушылар саны артып келеді. Тек қала тұрғындары ғана емес, қарапайым ауыл адамдарының да спортпен айналысуға толық мүмкіндігі бар. Ол мақсатта еліміздің әр өңірінде спорт кешендері мен алаңдары салынуда.
Соның жарқын бір дәлелі Қарасу ауданы орталығында заманауи жаңа спорт алаңы пайдалануға берілді.
Жергілікті салауатты өмір салтын ұстанған жандар үшін таптырмас әбебап алаң «Жұмыспен қамтуды жол картасы 2020» бағдарламасы аясында бой көтеріп отыр.
Біз бұған дейін газетіміздің өткен санында жазғанымыздай Қарасу аудында биыл орталық стадионға да күрделі жөндеу жұмысары жүргізілген болатын.
«Өзеріңіз білесіздер осы жылы Қарасу ауданы бойынша спорт с.үйер қауым үшін керемет жыл болды.
Солардың бірі бүгінгі спрот алаңы. Бұл жерде аскетбол, волейбол, тенис секілді ойын түрлерінен жарыстар мен біріншіліктер өткізуге болады. Жалпы орталық стадионның құрылыс жұмысарына 30 млн астам қаражат бөлінді.
Құрылыс жұмыстарын жүргізген «Бахыт и К» ЖШС серіктестігі белгіленген мерізімде барлық жұмыстарды аяқтап отыр» , – дейді Қарасу аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Мұрат Саутпаев.
Ерекше тоқтала кетер бір жайт жаңа ашылған спорт алаңы болашақ жас спортшыларды дайындауға үлкен септігін тигізбек. Аталмыш алаңмен қоса бұл жерде садақ спорты мен күштік спорт түрлеріне дайыналуға мүмкіндік жасалып отыр.
«Соңғы жылдары тұрмысына әр кіріп, тамырына қан жүгірген Қарасу ауанындағы бұл салынған нысандардың барылығы бұқаралық спротты дамытуға мүмкіндік береді. Енді жастарымыз өз ауылында жатығады» , – дейді Мұрат Қалыбекұлы.
Тәуелсіздік алғалы ел спортшылары көк туымызды жыққан емес. Қазақ спортшылары әлем, Азия біріншіліктері мен олимпиада ойындарында да алтыннан алқа тағып, ел қошеметіне бөленді. Бүгінгі ашылып жатырған спорт алаңы ауыл жастарын спортпен шұғылдануға шақырып, болашақта ауданның ғана емес, елдің атын шығарар спортшыларды тәрбиелеуге өз септігін тигізеді деген үміттеміз.
Мешіт Ғазизұлы
Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Qostanai.Media" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-701-031-72-31