Қарасуда өткен тағылымды шарада үздіктер аудандық байқауға жолдама алды
Қарасу аудандық «Достық» мәдениет үйінде Ұлы Жеңістің 75 жылдығы мен Қазақстан халқы Ассамблеясына 25 жыл толуына орай «Өнеріміз саған, Қазақстан!» атты ХXXIV аудандық халық шығармашылығы фестиваліне іркітеуге бағытталған көркемөнер концерті өтті.
Аталмыш өнер додасына аудан орталығында ораналсқан ұжымдар мен өнерпаздар қатысып, өз шеберліктерімен көрермендерді тәнті етті.
Байқауға қатсушыларға Қарасу ауданы әкімінің орынбасары Эльдар Мұқанов бастаған, «Достық» аудандық мәдениет үйі директорының міндетін атқарушы Айна Тикенова, Қарасу ауданы әкімдігінің тілдерді оқыту орталығының директоры Гүлнар Барамбаева, «Достық» АМҮ маманыЕсімхан Тоқубаев пен Бердмурат Сайлаубектер қазылық етті.
Білкті мамандардан құрылған қазылар алқасы өнер бәйгесіне қатысушыларды бекітілген талаптар бойынша жан-жақты қырларына баса назар аударды.
Қазылар алқасының шешімімен 1орынды «Ертең соғыс болды» деген тақырыпта шыныда құммен сурет салу әдісін терең меңгерген «Нұр-сәби» балабақшасының қызметкері Бауржан Байбосынов , 2 орынға қазақтың батыр қызы Әлия Молдағұлованың бейнесін шеберлікпен сомдаған Қарасу орта мектебі ұжымы лайық деп танылса, 3 орынды Қараман орта мектебінің мұғалімдер хоры мен Қарасу арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығының қызметкері Анжела Каратаевалар бөлісіп алды.
Ерекеше бір тоқтала кетер жайт, жоғарыда жеңімпаз атанған өнер ұжымдары енді өз бақтарын аудандық деңгейде өтетін байқауда сынап көрмек. Онда оза шапқандарға облыстық сынға жолдама берілетінін есек сала кетейік.
Мешіт Ғазизұлы
Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Qostanai.Media" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-701-031-72-31