Қарасуда науқастардың басым бөлігі жазылды
Аудан бойынша соңғы аптада бірде – науқас қауіпті індетпен ауырмаған
Коронавирус пандемиясы жер жүзіндегі пенде біткеннің барлығы бірдей екенін, ешкімнің ешкімнен айырмашылығы жоқтығын көзімізге шұқып көрсетті. Бай мен кедей де, патша мен пақыр да, ақ пен қара да індеттің алдында бірдей.
Бөлмейді, жармайды. Кім екеніңе қарамайды. Емі табылмағанымен қоймай, шекара деген түсінікке бағынбайды. Елден елге, жерден жерге еркін көшіп жүре береді. Жолындағысының бәрін жалмап бара жатыр.
Осы орайда, Қарасу ауданының аумағында коронавирустық инфекцияның пайда болуы мен таралуына жол бермеу бойынша «Қарасу аудандық тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасы» РММ жұмысы туралы аталмыш мекеменің басшысының міндетін атқарушы Дүйсенбай Аппазовпен жолғып, мән-жайға қаныққан едік.
«Соңғы айда ауданның эпиджағдай біршама тұрақтанды. Оның жарқын бір дәлелі ретінде, өткен аптада аудан тұрғындары арасында COVID-19 инфекциясымен бірде-бір оң нәтижелі науқас тіркелген жоқ. Ал, жалпы аталмыш індет тарағаннан бері ауданда 55 науқас анықталды. Оның басым бөлігі аудан орталығына тиесілі. Қарасу ауылында 33 індетті жұқтырған тұрғындар тіркелді. Ауданға қарасты аулылдарда тіркелген науқастардың саны 1,2 адамнан аспайды. Осы уақытқа дейін сырқаттанғандардың 51-і жазылып аман-есен отбасына оралды. Қалған 4 науқас Қарасу ауылында ем қабылдап жатыр. Нақты айтатын болсақ аудандағы індет жұқтырғандардың 90 пайыздан астамы сауығып отыр», -дейді «Қарасу аудандық тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасы» РММ жұмысы туралы аталмыш мекеменің басшысының міндетін атқарушы Дүйсенбай Аппазов.
Індетті жұқтырмаудың, жақындарыңды аман сақтаудың төте жолы тыныш қана үйіңде отыру екенін түсінуіміз керек. Түсініп те келе жатырмыз. Жәй жүрмей ауру тасып, өзіңнің де, өзгенің де басын қатерге тікпейік десек, шаңырағымыздан шықпауымыз қажет. Келін түсіріп, қыз ұзатып, ас беріп жинала берсек, онда мұның алдын алу, жолын бөгеу мүмкін емес.
Осы орайда Қарасу ауданы әкімінің 2020 жылғы 27 шілдедегі №93-ө өкімімен Қарасу ауданы аумағында коронавирустық инфекцияның пайда болуы мен таралуына жол бермеу бойынша халыққа аса қажетті тауарларының, дәрі-дәрмектердің және шектеу шараларының орындалу барысына мониторинг жүргізу бойынша 4 арнайы топ құрылды. Аталмыш топтар Қазақстан Республикасының бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің 2020 жылғы 26 маусымдағы №43 қаулысының талаптарына, сондай-ақ: Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 5 шілдедегі № ҚР ДСМ-78/2020 бұйрығына сәйкес 8-9 тамызда 58 объект тексерді. Жлпы 5 шілдеден бастап аудандағы 198 объект тексеріліпті.
«Ауданда карантинін кезінде тәртіп пен талапты бұзған 62 нысанды анықтады. Ал, біздің басқарма қызметкерлері 7 нысанды әшкереледі. Олар, «Локдаун» кезеңінде шектеу шараларына бағынбай жұмыс істеген 2 қосалқы бөлшек сататын дүкені.
Сонымен қатар, 4 дүкенде сатушылар қолғапсыз жұмыс істеп, ара қашықтықты сақтайтын белгілер мен антисептиктердің мүлдем болмауы. Ережені бұзып, қызметін жалғастырған 1жол бойындағы дәмхана жұмысы анықталды.
Ереже бұзғандардың Барлығы әкімшілік жауапкершілікке тартылып, айыппұлдар қысқартылған өндіріс бойынша 291690 теңге сомасына 100% төленді» ,- дейді Дүйсенбай Қабденұлы.
Жалпы , аудандағы дәрі-дәрмек бағасының қымбаттауына жол берілген жоқ. Сұранысқа ие бетперде бағасы 85 теңгеден сатылуда. Осы орайда . сақтық шарасы үшін Қарасу аудандық ауруханасында 20 төсекке арналған провизорлық бөлімше жасақталған. Аталмыш бөлімше 9 палатадан тұрады. Онда 1 өкпе желдететін құрылғы, 5 пульсоксиметр, 2 реанимациялық төсек бар.
Бұл орайда «жаман айтпай жақсы жоқ « дегендей аяақ астынан жағдай қайта ушығып кетсе дәрігерлердің қауіпсіздігі үшінде 70-бір реттік костюмдер, 20-қайта пайдалануға болатын костюмдер.360-бір реттік маскалар қоры бар.
Аудан орталығынан шалғай жатқан Октябрь ауылдық ауруханасында да 20 адамға арналған орын дайындалыпты. Ол 7-Палатадан тұрады. Онда да 1 өкпе желдеткіш құралы, 4 пульсоксиметр, 1 реанимациялық төсекпен жабдықталған Алдыңғы шепте жүрген ақ халатты абзал жандардың қауіпсіздігі үшін 100-бір реттік костюмдер. 100-қайта пайдалануға болатын костюмдер.150-бір реттік маскалар.
800-распираторлардың қоры бар екен.
Елімізде Төтенше жағдай ондан кейін карантин ал, демалыс күндері облыста шектеу шаралары бекерден-бекер енгізілген жоқ. Тәртіпке бағыну, сақтау шарт. Сондықтан өзімізге өзіміз жау болмасақ, үйден шықпайық, отбасымызды, халқымызды сақтануымыз абзал.
Мешіт Ғазизұлы
Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Qostanai.Media" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-701-031-72-31