Қарасуда мемлекеттік қызметкерлер аллеясы ашылды
Өз ауылының көрікті болғанын қаламайтын жан жоқ шығар, сірә. Ауыл көркі көз тартып тұрса, оған не жетсін. Әрине, тұрып жатқан жеріміздің көрікті де әдемі болғанын бәріміз де қалаймыз. Өйткені жан-жағымыздың жарқырап, тап-таза болып тұрғаны кім-кімге болмасын көтеріңкі көңіл-күй сыйлайтыны айдан анық.
Қарасуда көшелерді және қоғамдық орындарды абаттандыру және көгалдандыру жұмыстары қарқынды жүруде. Бұл бағыттағы жұмыстардың ауқымы кең. Биыл аудан орталығын көркейті мақсатында бірқатар жұмыстар атқарылуда. Айталық, Қарасудың қақ ортасында мемлекеттік қызметкерлер аллеясы ашылды. Құрылысы көктем мезгілінен бастап қолға алынған аллеяның құрылысы толық аяқталды.
А.Исаков көшесінің Школьный тұйық көшесімен қиылысқан жерінен бастап аудан әкімдігі ғимаратына дейінгі аумақты қамтып жатқан жаңа аллея аудан орталығына ерекше көрік беріп тұр.
Аллеяның аумағы шырша ағаштарына толы. Бірінші қатарға үлкен шырша ағаштары түптелсе, екінші қатарға шағын шырша ағаштары отырғызылды. Алыстан көз тартып тұрған жасыл шыршалар көздің жауын алады. Бұдан бөлек, адам жүруге арналған аумаққа заманауи түрлі түсті тас төсеніштер төселіп, гүлдер отырғызылып, көгал егілді.
Айта кетерлігі, аллея аумағындағы жұмыстарды «Натали» ЖК және «Ландшафт Строй» ЖШС атқарды.
Енді, міне, жаңа аллея елдің игілігіне қызмет етіп, ауыл тұрғындары мен қонақтарының демалатын орнына айналмақ.
Жаңабай АХМЕТОВ
Сурет автордікі
Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Qostanai.Media" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-701-031-72-31