Қарасу ауылының әкімі халық алдында есеп берді
Онда атқарылған жұмыстар пысықталып, жаңа міндеттер жүктелді
Қазір еліміздің түпкір-түпіріндегі арқарушы билік өкілдері үшін жұмыстың нағыз қызған шағы. Олай дейтініміз жылдағы қалаптасқан дәстүр бойынша барлық әкімдер халықпен жүздесіп, бір жыл ішінде атқарған жұмыстары бойынша есеп береді. Осындай алқалы жиындар Қарасу ауданында да жалғасын табуда. Оның жарқын бір дәлелі ретінде аудан орталығы Қарасу ауылдық округінің әкімі Сергей Мағзұмовтың есебін айтуға болады.
Алқалы жиынға Қарасу ауданының әкімі Виктор Ионенко, Қарасу ауданы әкімінің орынбасарлары Талғат Жармағамбетов пен Эльдар Муханов, аудандық бөлімдер мен кәсіпорындардың басшылары, з кәсіпкерлер, ауыл шаруашылығы құрылымдарының директорлары, әлеуметтік сала мекемелерінің қызметкерлері, ауыл тұрңындары қатысты.
Онда Қарасу ауылдық округінің әкімі Сергей Мағзұмов жергілікті тұрғындар алдында жылдық есебін беріп, биыл атқарылар жұмыстар мен міндеттерді баяндады.
Бұдан бөлек, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Алмагүл Ерменова 2020 жылы атаулы әлеуметтік көмек көрсетудің жаңа тәсілдері туралы ақпарат берді.
Былтырңы жыл Қарасу ауылында біраз ілкімді игі жұмыстар атқарылғанын анық байқауға болады.
«Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша әлеутті ауылдарды дамыту үшін өткен жылы «Ауыл ел бесігі» республикалық жобасының арқасында біраз жобалар қаржыландырылды. Атап айтсақ, осы бағдарлама аясында Қарасу ауылында жалпы сомасы 424,9 млн. теңгеге 8 жоба іске асырылды. Оның ішінде Қарасу аудандық ауруханасының әкімшілік ғимараты күрделі жөнден өтті. Оған жалпы сомасы 213,0 млн теңге жұмсалы. Қарасу орта мектебін ағымдағы жөндеу48,7 млн теңге, балалар өнер мектебін ағымдағы жөндеу жұмыстарына 27,9 млн теңге, аудандық «Достық» мәдениет үйінің ғимаратын ағымдағы жөндеуге жалпы сомасы 44,0 млн теңге, мемлекеттік тілде оқытатын Қарасу негізгі мектебін ағымдағы жөндеу жұмыстарына 12,0 млн теңге жұмсалып отыр» , – деді Қарасу ауылдық округінің әкімі Сергей Мағзұмов өз баяндамасында.
Сонымен қатар аудан орталыңының тұрғындарының бас ауруына айналған өзекті мәселелердің бірі – елді мекенің көшелеріндегі талай жыл жөнделмей тозығы жектен жолдар болатын. Ол мәселеде былтыр өз шешімін тауыпты.
«Исаков көшесі мен Маслозаводская , Молодежный тұйық көшелері бойынша жолдарды орташа жөндеу жұмыстары болды. Олардың жалпы ұзындығы 2311 метр. Жөндеу құны 64,3 млн теңгені құрайды. Оның сыртында Сәндібеков көшесіндегі ұзындығы 216м жолды ағымдағы жөндеу жұмыстарына 7,5 млн Теңге жұмсалы», – деді ауыл әкімі өз сөзінде.
Ауыл көшелерін ағымдағы жөндеу барысында жарықтандыру мәселесіде назардан тыс қалмаған. Заман талабына сай бұл жаңа шамдар өз кезегінде жылына 589,7 мың теңгені үнемдеуге мүмкіндік береді. Жаңартылған электр беру желілерінің жалпы ұзындығы 5650 метрді құрады, 126 дана көше шамдары ауыстырылды.
«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында бұрынғы “Жеті күн” қонақ үй кешені ғимаратының базасында «Nur Sabi» балабақшасы ашылды. Жергілікті кәсіпкер Алмат Тұрсынов білім бөліміне өтеусіз негізде берілген бұл сынанында қазір 96 балаға арналған жаңа балабақша жұмыс істеуде. Енді есеп беру барысында тұрңындардан келіп түскен сұрақтарға тоқталсақ. Ауыл тұрғыны Е. Бисембинов ауыл әкіміне «Қарасу ауылының көшелері мен тұйық көшелері бойынша жолдар қашан қардан тазартылады?» денг саулына ауыл әкімі «Күн сайын Қарасу ауылының көшелері бойынша жолдар тазартылады. Ауылдық округтің көшелері мен жолдары бойынша қар тазалау мердігері жеке кәсіпкер «Қарасу – Партнер» болып табылады», -деп жауап берді.
Ал ауыл тұрғыны Г. Швецовты Қарасу ауылы бойынша маршруттық автобустардың жүруі мазалайды екен.
Оған ауыл әкімі «Мердігер ретінде қазіргі уақытта Р. Мұқанов анықталып отыр. Ол іргелес жатқан Восток , Қарасу ауылдарына бекітілген кесте бойынша жүк-жолаушылар тасымалын жүзеге асыру үшін автокөлік сатып алумен айналысып жатыр. Жақын арада бұл мәселе түбегейлі шешімін табатын болады», – деп жауап берді.
Мешіт Ғазизұлы
Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Qostanai.Media" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-701-031-72-31