«Көркемсөз шебері» жобасын «Достық» мәдениет үйі директорының көркемдік, шығармашылық жағынан орынбасары Бердімұрат Сайлаубек 2016 жылы қолға алыпты.
Қазыналы Қостанай өлкесі – қазақ мәдениеті пен руханиятының дамуына өлшеусіз үлес қосқан талантты ақындар мен жазушылар туған қадірлі мекен. Осындай құнарлы топырақтан шыққан Тобыл-Торғай перзенттерінің әдеби мұраларын бүгінгі ұрпақ жатқа біле ме? Мінекей осы сауал жауапсыз қалмау үшін, жерлестеріміздің шығармаларын жас буынға насихаттау үшін Қарасу ауданында «Көркемсөз шебері» деген әдемі жоба жүзеге асуда.
-2015 жылы қызмет бабымен Қарасу ауданындағы мәдениет үйіне келдім. Бұл жобаны 2016 жылы қолға алдым. Алғашында ауылдардағы өлең жазатын, ақындық қабілеті бар балалардың арасында өткіздім. Ешкімді бөліп жармай орысша және қазақша, екі тілде сөйлейтін талапкерлерге еркіндік бердік. Поэзия, проза туындыларын көркем тілмен баяндап, мәнерлеп оқи білу, сахнада өзін еркін ұстай алу қабілетті назарға алынды. Қабілет-қарымы бар балаларды іздеп тауып, олардың бойындағы шығармашылықты дамытуға сеп болуға тырыстық,-деп түсіндірді жоба авторы Бердімұрат Сайлаубек.
Тағы бір тамаша тұсы – жергілікті ақын-жазушылардың шығармашылығын кеңірек насихаттауды көздейді. Жобаны бастауға түрткі болған да осы ой екен. Жүзеге асып келе жатқанына биыл 10 жыл болады. Он жылдағы нәтижені тізбектесек көңіл марқаяды. Жыл сайын қатысушылар саны өсуде. Бұл жоба тек аудан көлемінде ғана ұйымдастырылған еді. Биылдан бастап облыстық деңгейде өтеді деген жоспар бар. Мінекей, сол кезде жобаға Қостанай облысына қарастық барлық аудандардың үміткерлері қатыса алады. Бұған дейін бақ сынаған қарасулық жастардың бір шоғыры бүгінде өздері де шығармашылық жолына түскен. Кейбірі осы тектес жобаларды ашып жатыр. Бұл да бір нәтиже.
Қымбат ДОСЖАНОВА
Суреттерді жолдаған – Бердімұрат Сайлаубек
Участниками второго конкурсного сезона, направленного на возрождение традиций и сохранение устоев культур тюркских народов, стали…
Қарасу ауданы көктемгі тасқын судың қауіп-қатері бойынша «қызыл» аймаққа енгізілгені белгілі. (далее…)
Қарасу ауданында шахматшы балалардың бір шоғыры өсіп келеді. (далее…)
Здесь почти 2 года действует режим ЧС. (далее…)
Ұлттық құндылықтарды дәріптеуді мақсат еткен бұл шара жыл сайын өз жалғасын тауып келеді. Фестиваль барысында…
В Жаңару күні – шестой день общенациональной декады Наурызнама школьники Амангельдинской ОШ провели встречу единомышленников…
This website uses cookies.