Қарасу ауданында мектептер ауласы жеміс бағына айналмақ

Жуырда Қарасу ауданында төрт мектептің ауласына жеміс ағаштарын отырғыза бастады. Мұндай игі іс «Менің аулам-менің бағым» облыстық жобасы аясында қолға алынып отыр.

Қостанай облысын қамтитын ауқымды жоба 10-қазан күні ресми түрде бастау алды. «Таза Қазақстан» жалпыұлттық бағдарламасы аясында жүзеге асуда. Оған Қарасу ауданының білім беру ұйымдары да белсенді ат салысып, өз үлестерін қосты. Аудан бойынша төрт мектеп ауласын жеміс бағын құруға кірісті. Абай атындағы жалпы білім беретін мектебі 23 жеміс көшетін егіп, болашақ бақтың негізін қалап қойды. Одан кейін

Қараман және Жалғызқан жалпы білім беретін мектептері мен Жаныспай негізгі орта мектебі әрқайсысы он шақты өскіннен отырғызды.

«Жоба шеңберінде аудан бойынша барлығы 1 800 шаршы метр аумаққа 54 өсімдік көшеті отырғызылды. Соның ішінде алма, алмұрт, қарақат және таңқурай жемістерінің өскіндерін ектік. Көгалдандыру жұмысына мектеп ұжымдары, педагогтар, ата-аналар мен демеушілер қолдау білдірді. Әсіресе «Бобер Инвест» шаруа қожалығын ерекше атап өткізім келеді. Қожалық Жаныспай негізгі орта мектебіне көп көмек көрсетті. Жобаның жүзеге асырылуына қатысты ақпарат білім беру мекемелерінің әлеуметтік желідегі парақшаларында ішінара жарияланды»,-деп хабарлады Қарасу аудандық білім бөлімі.

Мектеп ауласына отырғызылған әр көшет – болашақ бақтың іргетасы іспеттес. Күтімін жасап, ағашты баптап мәпелесе айнала ертең-ақ жайқалып шыға келеді. Жалпы мектептің қызметі де жеміс бағының күтіміне ұқсайды. Мектеп – әр баланың көкейіне ізгіліктің дәнін сеуіп, оқытып-тоқытып, үлкен өмірге жол сілтейді. Ал жеміс бақтары баланы еңбекқорлыққа баулып, табиғатпен етене жақын болып өсуіне ықпал етеді. Қоршаған ортаны күтіп-ұстау, экологиялық мәдениетті қалыптастыру осындай ізгі амалдардан басталса керек.

Қымбат ДОСЖАНОВА

Суреттер Абай атындағы жалпы білім беретін мектебінен алынды

admin

Recent Posts

Юные карасуские стрелки достойно выступили на Чемпионате Республики Казахстан

В Шымкенте прошли лично-командные состязания по пулевой стрельбе. (далее…)

3 дня ago

Диалог поколений состоялся в учреждении образования Карасуского района

В профтехорганизации прошла встреча представителей разных возрастных групп. (далее…)

3 дня ago

Қарасулық бастауыш кәсіподақ ұйымы үздіктер қатарында

Қазақстанда жыл сайын 10-қазанда кәсіподақтар күнін атап өтеді. (далее…)

1 неделя ago

В Карасуском районе подвели итоги конкурса видеороликов «Дружба. Мир. Согласие»

Соревновательное мероприятие стало творческой площадкой, где участники смогли через современные средства видеоконтента рассказать о том,…

1 неделя ago

Қарасудағы ауыл мектебінің директоры ұстаздық жолы туралы ой бөлісті

  Қарасу ауданындағы Павлов орта мектебінің директоры Дәулет Салькенов 20 жылдан астам еңбек өтілі бар…

1 неделя ago

This website uses cookies.