Қарасу аудандық арнайы құрылған мониторингтік топ карантин ережелері мен азық-түліктік бағасын тексеруде
Еліміздегі қауіпті індеттің ондан әрі таралмауына тосқауыл қою мақсатында жергілікті жерлерде ауқымды шаралар жүзеге асып жатыр.
Атап айтар болсақ, жақында мемлекет басшысы Қасым–Жомарт Тоқаев еліміде 2 айға жуық жарияланған төтенше жағдай тәртібін алып тастау жөнінде шешім қабылдады. Соның арқасында шаруалары індет салдарынан тұрып қалған біраз нысандар өз жұмысын бастады. Бірақ, аудандағы өз жұмысын қайта бастаған бизнес нысандары мен сауда-саттық орындары қатаң сақтық шараларын сақтау міндетті.
Осыған орай құрамында «Нұр Отан» партиясының Қарасу аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Қайрат Мұқанов, аудандық кәсіпкерлік бөлімі мен полиция бөлімінің өкілдерінен құрылған арнайы комессия белгіленген нысандарға мониторингі жүргізіп, жұмыс барысымен танысты.
Онда олар әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаларды тұрақтандыру, сондай-ақ Целинный ауылының дүкендерінде санитарлық нормалар мен талаптарды сақтау барысына бас назар аударды.
Тексеру жұмыстары барысында барлық жұмыс істеуге рұқсат етілген нысандарда санитарлық-эпидемиологиялық нормалар мен талаптар сақталынып, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаның айтарлықтай артуы байқалмады.
Арнайы құрылған комессияныңкелесі бақылауға алған жері Қарасу ауылының киім-кешек базарларында санитарлық нормалар мен талаптардың сақталуы болды. Бұл жерлерде де карантин талаптарын бұзғандар байқалмады,
«Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік комиссияның қорытынды отырысында төтенше жағдай режимі тоқтатылғанмен, бірқатар шектеулердің алынбайтындығын, карантин талаптарының әлі де сақталатынын атап өтті. Бұл өте дұрыс шешім. Өйткені, коронавирус індеті біздің елімізде де толық жойылған жоқ, сондықтан пандемия халықтың денсаулығына әлі де болса қауіпті. Біздің өңірде де дерттің таралуы деңгейі бәсеңдемей отыр. Мемлекет басшысы карантин шектеулерін толық алып тастауға әзірге тиімсіз екендігін, ол өңірлердегі жағдайдың жақсаруына қарай біртіндеп алынатындығын айтты ғой. Сол себепті, бәріміз шыдамдылық танытып, карантин талаптарын қатаң сақтап, індетпен күні-түні күресіп жатқан дәрігерлер мен полиция қызметкерлеріне де қолдау білдірейік», – дейді Қарасу аудандық әкімдігінің кәсіпкерлік бөлімінің басшысы Альбина Тургумбаева.
Мешіт Ғазизұлы
Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Qostanai.Media" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-701-031-72-31