Қарапайым өмір салтымен абырой – құрметке бөленген

Адамның өмірге келгендегі ең маңызды мақсаттарының бірі – отбасын құрып, дүниеге ұрпақ әкелу

«Адам ұрпағымен мың жасайды» – дейді. Иә, өмірдің мәні де, сәні де – ұрпақ сүю. Баланы өмірге әкелген соң оған тәлімді тәрбие беріп, жақсы ұрпақ өсіру – кез келген әке мен ананың асыл арманы екені сөзсіз. Әрбір ата-ана перзентінің ақылды, тәрбиелі, ар-ұяты мен адамгершілігі мол, елдің жақсы азаматы болып өскенін қалайды. Бойында осындай ізгі қасиеттер қалыптасқан ұрпақ отбасының мерейі. Бұндай жанұялардың берекелі тірлігін көпке үлгі-өнеге етуге болады.

Бір қолымен бесікті, бір қолымен әлемді тербетіп, әулетіне құт болып дарыған Мызамхан Иманбай әжеміздің өмір жолы өнеге мен тағылымға толы. Ол 1929 жылы Монголия елінің Баян-Өлгей аймағында дүниеге келген. Бұғанасы қатпай-ақ шаруаға көзі қанығып есейді. Жастайынан зерек, тылдағы қайнаған еңбекке ерте араласып бойжетті. Тұрмысқа шығып, 10 құрсақ көтерді. Балалары адамгершіліктері мол, тәрбиелі болып өсті. Бүгінде ұл – қыздары есейіп, ер жеткен. Олардан немере-шөберелер тарап, өсіп-өніп жатыр. Сол кішкентайынан мәпелеп өсірген құлыншақтары сый-құрметке бөлеп, аялап, алақандарына салып отыр.

Мызамхан әжеміздің қолының ісмерлігі бар. Жастайынан тігін өнеріне жақын. Бүгінде жасы 92 келседе, қолын қусырып жай отырмай, оюлы құрақ көрпе, түрлі жастықтар тігеді.

«Байлықтың бір көзі еңбек пен қанағат» деген сөздер адами қасиеттерді ашып көрсететін айна іспетті. Осы қасиеттер қоршаған ортасына жақсылықтың нұрлы шапағатын шашып жүрген Мызамхан әжемізде бар екендігіне күмән келтірмейміз.

Ол кісіні қалай мақтап, небір теңеу сөздер тауып айтсаң да жарасымды. Адал еңбек және қарапайым өмір салтымен абырой – құрметке бөленген батыр әжеміз бүгінде Новопавлов ауылында тұрады. 2003 жылы кеудесіне «Алтын алқа» тақты.

Жаңабай АХМЕТОВ

Ақпаратты және суретті ұсынған Новопавлов ауылы кітапханасы

Редактор

Recent Posts

В Карасу в рамках проекта «Профилактика буллинга среди обучающихся школ» состоялись две встречи: в центральной библиотеке и отделе полиции

Участники разбирали реальные ситуации, учились отличать травлю от обычного конфликта и говорили о признаках, по…

2 часа ago

Диалог поколений состоялся в учреждении образования Карасуского района

В профтехорганизации прошла встреча представителей разных возрастных групп. (далее…)

4 дня ago

Сегодня в мире празднуют Международный день электронной книги

О том, как в Карасуском районе, используют альтернативный бумажному формат чтения, рассказывают работники библиотек и…

4 дня ago

В Карасуском районе стартовало ОПМ «Подростковый контроль»

Данная комплексная межведомственная акция направлена на профилактику безнадзорности, правонарушений в подростковой среде и на защиту…

1 неделя ago

This website uses cookies.