– Кезіндегі 16 совхоздың ішіндегі 4-5 ауылдың бірі қалса, соның бірі – Қарабатыр. Тұрғындар да, кейбір әлеуметтік нысандары сол қалпында сақталып, совхоз күйінде қалған. Жергілікті халыққа жайлы тұрмыс кешуге барлық жағдай бар. ФАП, балабақша, мәдениет үйі, мешіт, наубайхана жұмыс істеп тұр. Мектебімізде бала саны жеткілікті. Қазір 175 бала білім алуда, – дейді Қарабатыр ауылының әкімі Берік Оспанов.
– Механизатор, көлік жүргізушісі, жұмысшы, дәнекерлеуші, токарь, электрші, ауыл шаруашылық мамандары ауадай қажет. Сонымен қатар, ауылдағы әкімдікке бас маман, бухгалтер мамандарға қажеттілік бар. Мәселен, мәдениет үйіне мәдениет саласының маманы керек-ақ. Өйткені онда еңбек етіп жүргендердің дені зейнет жасында. Сондықтан ауылға әлі де жас мамандар қажет, – дейді ауыл әкімі.
– Егіншілік жүйесінде төрт жолақты тұқым сепкіш қолданылды. Жыл сайын 100 млн теңгеден астам сомаға егістікті улы химикаттармен өңдейміз. Биылғы жылы 102 млн теңгеге сатып алынды. Өткен жылдары жалпы сомасы 143 млн теңгеден астам қаражатқа ауыл шаруашылығы техникасын сатып алды. Өсімдік шаруашылық саласында GPS құрылғысымен, отын шығыны дачиктерімен жабдықталған трактор сатып алу, тұқым енгізу, егіс көшенің қозғалысын автоматты басқару жүйелері, процестерді басқару жөніндегі бағдарламалық қамтамасыз ету қатарлы цифрландыру технологиялары енгізілген, – дейді «Қарабатыр» Агрофирмасы» ЖШС директоры Марат Құдайқұлов.
– Ауылда бәрі жақсы. Бұрындары да жаман болған жоқ. Ауыл шаруашылығы да, мал шаруашылығы да жылдан жылға дамып келеді. Қарабатырға механизатор мамандар қажет. Әсіресе, шаруаның жайын білетін ауыл шаруашылық мамандары керек. Адаев, Бестөбе ауылдарына газ тартылып жатқанын естіп жатырмыз, біздің ауылға да көгілдір отын тартылса екен, – дейді ауылдың қарт тұрғыны Ұзақбай Аманбаев.
– Былтыр мектептің арт жағын темір қоршаумен қаптады және сырттағы түгел канализация құбырларын жүргізіп, әзірлеп кетті. Биылғы оқу жылы аяқталысымен ғимарат ішіне жөндеу жұмыстарымен қоса қасбетін де қаптады. Сондай-ақ, күрделі жөндеу кезінде ішкі жуынатын, дәретхана бөлмелері салу үшін арнайы кәріз шұңқырларын қазып дайындап кетті. Жөндеу жұмыстары мамыр айының басынан басталды. Бұл жұмыстарды жүргізуге «Ауыл – ел бесігі» жобасы жоспарында – жөндеуді аяқтауға тағы 411 млн теңге бөлінеді. Жаңа оқу жылы басталғанға дейін құрылыс жұмыстары толық аяқталады деп күтілуде, – дейді Қарабатыр жалпы білім беретін мектебінің директоры Аманжол Хабылхан.
– Әрине, ауылымызда осыдан отыз жылдан астам бұрын алғашқылардың бірі болып мешіт салынды, дінге, руханиятқа бетбұрыс сол уақыттан қалыптасып қалған. Дегенмен, Қарабатыр елінде ораза ұстаушылардың саны жылдан-жылға артып келе жатыр. Оның ішінде жастарымыз өте көп. Соған қарағанда, бұл – дініміздің өркендеп, Исламды жастарымыз түсініп жатқанына өте қуаныштымыз. Сондықтан қасиетті Рамазан айында ораза тұтуды Алланың бұйрығы екенін орындайтындар санының еселенуі нұр үстіне нұр. Соны жастарымыздың түсініп жатқанына өз басым қуаныштымын. Мен келген жылы жасыратыны жоқ, Қарабатыр ауылында үш-төрт адам ғана ораза ұстадық, қазір тоғыз жылдың ішінде Аллаға шүкір, жетпістің үстінде ораза ұстап жатқан жан бар.
Жуырда Қостанай қаласында облыстық XXXIX жазғы спартакиада бағдарламасы аясында оқ атудан жарыс ұйымдастырылды. (далее…)
Жуырда Қарасу ауданының Жамбыл ауылында өрт сөндіру бекетінің салтанатты ашылу рәсімі өтті. (далее…)
Қарасу аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері жергілікті атқарушы органдармен, полиция бөлімінің мамандарымен бірлесе рейдтік іс-шаралар…
«Железнодорожное – АМФ» ЖШС меморандум аясында 2026 жылы Железнодорожный ауылындағы Горький көшесін өз қаражаты есебінен…
Только за последние 7 лет участие в районном этапе республиканского проекта приняли 16 карасуских семей,…
«Мерейлі отбасы» ұлттық байқауының аудандық кезеңінің кезекті қатысушысы Досқалиевтар отбасы шынайы махаббат – шекарасы жоқ…
This website uses cookies.