Қамба астыққа толатын күн де алыс емес
Өңірде орақ науқаны біртіндеп қарқын алып келеді
Өңірде күзгі орақ науқаны басталып, диқаншылар үшін жиын-терім жұмыстары біртіндеп қарқын алып келеді.
Алғашқы кезекте басқа дәнді-дақылдарға қарағанда ерте пісетін арпа мен сұлыға орақ түсті. Бидай егісін жинау жұмыстары да басталып кетті.
Соңғы апталарда жауған жауын-шашын егін жинау жұмыстарына кедергі келтіргені рас. Алайда, күн райының қолайсыздығына қарамастан, диқандар ауа-райының қолайлы кезеңдерін қалт жібермей, тынымсыз еңбек етуде.
Биыл аудан бойынша 632,7 мың гектар алқапқа дәнді дақыл егілген болатын. Бүгінгі күніге дейін оның 16,3 мың гектары орылды. Ол 2,2 пайызды құрап отыр. 13,7 мың гектардағы дәнді дақыл бастырылып, қырманға жеткізілді. Гектар берекелігі 10,9 центнерден айналуда.
Атап айтар болсақ, 2,5 мың гектар бидай, 4,8 мың гектар арпа және 4,9 мың гектар сұлы бастырылды.
Жиын-терім жұмыстарына 47 астық жинау комбайны жұмылдырылды.
Басты мақсат – алдағы жұмыстарды жоспарланған деңгейде орындап шығу.
Жаңабай АХМЕТОВ
Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Qostanai.Media" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-701-031-72-31