«Алтын-дән» шаруа қожалығының басшысы Сағындық Жауғашев білім ошағына сый-сияпат жасады
Міне, жадыраған жаз да өте шығып, алтын күз де келіп жетті. Жылдың бұл мезгілі мерекелерімен де керемет. Қоңыр күздің алғашқы күні баршамыз «Білім күні» мерекесін қарсы аламыз. Оқушылар бұл күні алтын ұя мектептерімен, ұстаздарымен қайта қауышып, жаңа оқу жылына қадам басады.
Бірінші қыркүйек күні ауданымыздың барлық мектептерінде алғашқы қоңыру соғылып, салтанатты жиындар ұйымдастырылды. Сондай жиындардың бірі аудан орталығындағы Қарасу мемлекеттік тілде оқытатын негізгі мектебінде де болып өтті. Мерекелік шараға ұстаздар, оқушылар және ата-аналар қауымы қатысып, аталмыш шараның куәсі болды.
Аталған шараға «Алтын-дән» шаруа қожалығының басшысы Сағындық Жауғашев арнайы келіп, білім ошағына өз тарапынан жер шары бейнеленген глобус және сирек кездесетін құнды кітаптарды сыйға тартты.
– Білімді жастар – еліміздің болашағы. Дарынды, білімді ұрпақ еліміздің ертеңі екені даусыз. Сондықтан ел болашағын ойлайтын әрбір ұстазға үлкен жауакершілік жүктеледі. Сіздердің өскелең ұрпаққа білім беру жолындағы абыройлы істеріңізге толымды табыс тілеймін. Жаңа оқу жылы тың серпіліс, жағымды жаңалықтарға толы болсын. Оқушылар жақсы білім алып, оқуда үлкен жетістіктер мен жаңа табыстарға жете берсін, – деді Сағындық Жауғашев.
Жаңабай АХМЕТОВ
Суретте: білім күніне арналған шарадан көрініс
Сурет автордікі
Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Qostanai.Media" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-701-031-72-31