
Карасу ауданының Жалғысқан ауылында үш көшенің жолы жөнделді
Жалғысқан ауылында «Ауыл – ел бесігі» мемлекеттік бағдарламасымен Юбилейная, Павлов, Рабочая көшелеріндегі авткөлік жолдары жөнделді. Бұл игі іс – ауылда басталған алғашқы ауқымды жоба екенін ерекше атап өткен жөн.
Аталған көшелердің асфальттары сонау 1978 жылы төселген. Содан бері арада талай заман өтті. Отыз жылдан астам уақыт жөндеу көрмеген көшелер биыл қалыпқа келтірілді. Юбилейная көшесінің ұзындығы 0,325 км, Павлов көшесінің ұзындығы 1,89 км, ал Рабочая көшесі 0,717 шақырымға созылып жатыр. Жауын-шашын мүжіп, техника таптаған жолдың тозығы жетіп, асфальты әбден ескірген еді. Биыл мемлекеттік бағдарлама арқылы 218,8 млн теңге бөлініп, орташа жөндеу жұмыстары қолға алынды.
– Біз бұл жаңалықты көптен күттік. Жөндеу жұмыстарының арқасында Юбелейная көшесіндегі орталық алаң жаңарып қалды. Бұдан кейін барлық мерекелік іс-шаралар сол жерде өтетін болады. Павлов көшесінде Жалғысқан жалпы білім беретін мектебі орналасқан. «Көшелерді орташа жөндеу» жобасының жүзеге асуы арқылы мектеп маңайындағы инфрақұрылым жақсарып, оқушылардың қауіпсіздігі қамтамасыз етілді. Мектеп жанынан үлкен көлік тұрағы жасалып, жол бойына ескерту белгілері мен жасанды кедергілер орнатылды. Жаңартылған жолдар тұрғындар үшін жайлылық пен қозғалыс қауіпсіздігін арттырады,-деді Жалғысқан ауылының әкімі Ирина Лебухова.
Қымбат ДОСЖАНОВА
Суреттерді жолдаған Ирина Лебухова.
Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Qostanai.Media" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-701-031-72-31