
Қарасуда еңбек отрядының биылғы маусымы аяқталды
Биыл «Жасыл ел» жастар жобасын Қарасу ауданында жүзеге асыру үшін 10 миллион теңгеге жуық қаражат бөлінді. Жобаны аудандық жастар ресурстық орталығы іске асырды.
Жаз бойы 60 адам еңбек жасағының құрамында жұмыс істеді. Олардың қатарына жоғары сынып оқушылары, студенттер мен 35 жасқа дейінгі жұмыссыз жастар алынды. Еріктілер үш айға бөлініп, маусым, шілде, тамыз айларының кестесі бойынша жоспарлы жұмыстарды атқарды. Әр айда 20 адамнан еңбек етті. Былтырғыға қарағанда қарасулық жастардың еңбек етуге деген ынтасының артып келе жатқаны байқалып отыр.
– Біздің жастар әр салада белсенді. Олар оқуда алғыр, волонтерлік бағытта белсенді, спортқа жақын, экология және әлеуметтік бастамаларды қолдай жөнеледі. Көптеген қарасулық жастар үшін жеке өзін тұлға ретінде дамытудан бөлек қоғамға пайда тигізу маңызды. Осылайша, біздің жас буын «Жасыл ел» жобасын уақытша ақша табу көзі ретінде емес, әлеуметтік маңызы бар бастама ретінде түсінеді. Еңбек жасағы ауылды көркейтуге, көгалдандыруға, табиғатты қорғауға жол ашып, жаңа орта, жақсы достар табуға мүмкіндік сыйлайды,-деді аудандық жастар ресурстық орталығының басшысы Жасұлан Сатаев.
Кымбат ДОСЖАНОВА
Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Qostanai.Media" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-701-031-72-31