Өрт қауіпсіздігі ережелері түсіндірілді
Өрт – тілсіз жау. Әрқашан өрттен сақтанып, әсіресе, балаларды өртке байланысты қауіпті заттармен ойнамауға үйретуіміз керек
Отты пайдаланғанда өте сақ болғанымыз жөн. Күнделікті өмірде отты үнемділікпен, үлкен жауапкершілікпен тиісті ережелерді сақтай отырып пайдаланғанымыз абзал. Егер де байқаусызда өрт шықса не істеу керек? Бұндай жағдай болғанда қандай іс-әрекет жасау керектігін әрқайсымыз білуіміз керек.
Өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері жергілікті атқарушы органдардың мамандарымен бірлесіп Айдарлы ауылдық округінің елді мекендерінде рейд жүргізді. Мамандар жеке тұрғын үйлерді аралап, тұрғындарға өрт қауіпсізді ережелерін түсіндірді. Рейд қорытындысы бойынша Айдарлы ауылдық округінің әкімдігіне елді мекендердің аумақтарын ұстау кезінде өрт қауіпсіздігі қағидаларын бұзушылықтарды жою туралы жазбаша ұсынымдар берілді. Рейд барысында 24 адамға өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау бойынша 48 дана жадынама табысталып, жеке тұлғаға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 410-бабы “өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзғаны немесе орындамағаны үшін” әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырылды.
Жаңабай АХМЕТОВ
Суретті ұсынған төтенше жағдайлар бөлімі
Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Qostanai.Media" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-701-031-72-31