Мемлекеттік мекемелер мен кәсіпорындардың қатысуымен дөңгелек үстел өтті
Төтенше жағдайлар бөлімі, ауыл шаруашылығы бөлімі, кәсіпкерлер палатасы, жауапкершілігі шектеулі серіктестіктері мен шаруа қожалықтардың басшылары бірлесіп өрт қауіпсіздігін сақтау мәселелері бойынша дөңгелек үстел өткізді
Алдымызда жаз… Кезең-кезенімен қаншама жұмыс күтіп тұр. Қазір жаппай көктемгі егіске дайындық жүріп жатыр. Көп ұзамай егістік алқаптарында егін егу жұмыстары басталады. Қара жерге дән сіңіріп болған соң, қысқа мал азығын жинауды қолға алмыз, одан әрі астық оруға кірісетін уақыт та таяп қалады. Дөңгелек үстел барысында төтенше жағдайлар бөлімінің бас маманы Алмат Зейноллин көктемнің бел ортасынан қоңыр күзге дейін жалғасатын науқан кезінде өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету ерекше маңыздылыққа ие екенін атап өтті. Сондай-ақ Алмат Зейноллин әлеуметтік объектілердегі өрт қауіпсіздігі жүйелеріне және оған жауапты тұлғалар жөнінде сөз қозғады.
Жиналғандар «Астықты, қатты азықтарды сақату, астық дақылдарын жинау және жем-шөп әзірлеуді дұрыс өткізу және ауылшаруашылық өндірістік нысандарын ұстау» және «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға қоғамның қатысуы» тақырыптарында әңгіме өрбітіп, өз ойларын ортаға салып, өзара пікір алмасты.
Енді санаулы күндерден кейін егістік алқаптарында қайнаған еңбек жүріп, егін егу жұмыстары қарқын алады. Осындай қызу еңбекке толы кезеңде өрт қауіпсіздігі ережелерін қатаң сақтап, тілсіз жаудан сақ болуымыз керек.
Жаңабай АХМЕТОВ
Суреттерді ұсынған төтенше жағдайлар бөлімі
Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Qostanai.Media" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-701-031-72-31